Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. Ел аузынан. «Жиренше шешен». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, презентация слайд.


Бөлім: Мәдени мұра

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Ел аузынан. «Жиренше шешен»

Оқу мақсаттары

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау

Бағалау критерийлері

Ширату жаттығуы

Сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинақтайық.

Қажетті сөздердің үлгісі: тақырып, негізгі ой, мәтін бөлігі, сұрақтар, сөйлем т.б.

«Броундық қозғалыс» ойыны

Бастпақы білімді қайталау

«Білім қоржыны»

Тақырыпқа қатысты сөздер мен суреттерді топтастыра отырып, қоржындарына салыңдар.

1-тапсырма

«Сұрақ жауап»

- Аңыз не туралы деп ойлайсың?

- Ақсақалға кездескен жолаушы жігіттің сұрағының ойы қандай еді?

- Жолаушы жігіттің сұрақтарындағы ойының дұрыстығын ақсақалға кім болжап берді?

- Жолаушылап кезіккен жас жігіт кім болды екен?

- Қарашаш сұлу туралы не білесіздер?

2-тапсырма

«Төрт сөйлем»

Шығарманың тақырыбын анықта. Негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін немесе сөйлемді тап. Кестені толтыр.

3-тапсырма

Аңыздағы маңызды тұстарға байланысты 3 немесе 4 ашық сұрақ дайындаңдар. Сұрақтарға жауап бере отырып, суреттерді белгілеңдер.

Сұрақтар:

- Ақсақалға жолаушылап кім кездеседі?

- Ақсақал неліктен жолаушы жігітке күдіктене қарайды?

- Ақсақалды үйінде кім күтіп алады?

- Ол қыз кім еді?

- Жолаушы жігіт кім еді?

- Жиренше шешеннің басқа қандай аңыздарын білесіңдер ?

Дескрипторлар:

шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады;

суреттер бойынша өз ойларын айтады;

автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды;

4-тапсырма

«Ассоциация» ойыны

Дереккөздерден, тақырыпқа байланысты маңызды ақпаратты тауып, ақпаратты сызба түрінде беріңдер.

Мысалы: жолаушы, ақсақал, қыз, ауыл, қамшы

Рефлексия

«Бас бармақ»

Өздеріңе жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды стикерлерге жалғастырып жазыңдар. «Мұғалімге жеделхат» тақтасына стикерлерді жапсырыңдар.

Тік көтерсе – мәтіндегі негізгі ойды анықтай аламын, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдана аламын.

Жанына туссе – негізгі ойды анықтай аламын, иллюстрациялар бойынша ашық сөйлей алмаймын.

Төмен түссе – негізгі ойды анықтай алмадым, иллюстрациялар бойынша еркін сөйлей алмадым.

[attachment=26498:2_3-shyarmany-tayryby-men-negizgi-ojdy-anytau.pptx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу