Шығармадағы оқиғаны болжау. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы

Күні:

Сынып: 3 сынып

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыб

1.3. шығармадағы оқиғаны болжау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойын жеткізеді және кейіптеуді анықтайды.

Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуын болжау арқылы, өз ойы мен көркем-бейнелі сөздерді түсіне отырып анық жеткізеді.

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері

  • оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды.
  • көркем-бейнелі сөздерді пайдалана отырып, өз ойын жеткізеді.
  • әдеби көркемдегіш құралдарды (кейіптеу) табады

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастық құндылықтары қалыптасады, өмір бойы білім алу, ашықтық құндылығы - сабақ барысында еркін қарым-қатынас жасайды.

Пәнаралық байланыстар

қазақ тілі және жаратылыстану пәндерінде алған білімдер қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Мәтінді оқып, болжай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ширату. «Атомдар мен молекулалар» ойыны

1. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Мұғалім «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті.

2. «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт,бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек.

3. Молекулалар екіден жұптасқан кезде біріне сұрақ қойып, екіншісі сол сұраққа жауап беру ұсынылады.

Оқу мақсатын анықтау: Қандай әрекет жасадық?(сұрақ құрып, сұраққа жауап бердік)

 Бүгінгі сабағымызда оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойын жеткізеді және сұрақтарға жауап береді.

4 слайд

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

10 мин

10 мин

Болжайық. (Т). Мәтін не туралы? Суреттер арқылы болжа.

«Сиқырлы қорапша» әдісі арқылы тапсырманы орындайды.

1.Толымбек Әбдірайымтың «Ине мен Жіп» шығармасындағы кейіпкерлердің суреттерін қорапшадан алады.

2.Осы суреттер арқылы шығарманың не туралы екенін болжайды.

3.Жетекші сұрақтар қою арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.

ҚБ:«Бас бармақты жоғары көтеру» әдісі.

Оқиық. «Детектив» әдісі. (Ұ) Оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжа.

Топтарға Толымбек Әбдірайымтың «Ине мен Жіп» мәтіні бөліктерге бөлініп таратылады.

1. Бірінші бөлік «Ине мен жіптің достығы» оқылады. Оқып болған соң топтарында мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылайды.

2. Екінші бөлік «Жіптің ашулануы» оқылады. Оқып болған соң топтарында мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылайды.

3. Үшінші бөлік «Иненің жауабы» оқылады. Оқып болған соң топтарында мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылайды.

4. Төртінші бөлік «Қателігін түсіну» оқылады. Оқып болған соң топтарында мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылайды.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

Сен білесің бе? Кейіптеу – әр түрлі табиғат құбылыстарын, жансыз нәрселерді адам кейіпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттеу.

Табайық. (Ж). «Талқылау» әдісі.

Мәтіннен көркем-бейнелі, кейіптеу сөздерді тауып көр.

1. Шығарманы толық оқи отырып, көркем-бейнелі сөздер тізбегін құрап алады.

2. Жұптар «мұғалім-оқушы» рөліне бөлінеді. Мұғалім болған оқушы өз орнында қалады, оқушы көрші жұпқа ауысады.

3. Оқушылар өздерінің тауып алған көркем-бейнелі сөздерін «мұғалімге» оқып береді, мұғалім дұрыс-бұрыс екенін айтады.

4. Оқушылар бір айналым жасаған соң, екінші топтар рөлдерін ауыстырады.

ҚБ: «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.

Сұра және жауап бер. (ЖЖ). «Веер» әдісі. Оқыған шығарма бойынша сұрақтарға жауап бер:

  •  Оқушылар өз еріктерімен жұпқа бөлінеді.
  •  Мұғалім қағазды веер пішінінде бүктеп, келесі сұрақтарды жазып дайындайды. Оқушылар дайын «Веерлерді» алып, сұрақтарды келесі жұпқа қояды. Келесі жұп оларға қояды.
  • Оқыған мәтін жанды табиғат жайлы ма? Әлде өлі табиғат туралы ма?
  • Жіптің ине туралы айтқандарынан көркем-бейнелі сөздерді ата
  • Иненің жауабынан кейіптеуді байқауға бола ма? Мысал келтір.
  • Жіп не үшін ұялды, сен ен істер едің? Бұл жерде не жайында айтылып тұр.

3. Мұғалімнің жауабымен сәйкестіндіріп, өз ойларын түсіндіреді.

Қ.Б. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.

«ООО»- тамаша

«МММ» - жақсы

«Сұқ саусақ» -келісемін

«Екі саусақты» -сұрағым бар

5 слайд

Суреттер,

1-қосымша

6 слайд

2-қосымша

7 слайд

8 слайд

9 слайд

Сабақтың соңы

3 мин

«Тау шыңы»

Таудың басы–егер барлығын түсінсең, келесі оқушыға түсіндір.

Таудың ортасы- барлығын түсіндім, бірақ түсіндіруге қиналамын

Таудың етегі – маған барлық тапсырмалар қиын.

Нұсқау: Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында осы реттілікпен қорытады.

10 слайд

Саралау

1-тапсырмада қолдауды қажет ететін оқушыларға «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы шығарманың тақырыбын болжағанда сұрақтар арқылы көмек беріледі.

  •  Осы суреттер арқылы не айтуға болады?
  •  Бұлар нелер?
  •  Өзіңнің денеңнен осы мүшелерді тауып берші?
  •  Олардың қызметі туралы не білесіңдер?

2-тапсырмада «Қорытынды» тәсілі арқылы көмек көрсетіледі. Барлық оқушы бірдей тапсырма орындаса да, нәтижелері әр түрлі болуы

мүмкін.

3-тапсырма саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы қабілеті жоғары оқушылар көркем-бейнелі сөздерді пайдаланса, қолдауды қажет ететін оқушылар өз қалаулары бойынша тірек сөздерді пайдаланып, өз ойын жеткізеді.

4-тапсырма Қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға өз түсінгендері бойынша жауап береді. Қабілеті жоғары оқушылар баға беріп жауап береді

Дескриптор

-суреттер арқылы шығарманың тақырыбын топтың ішінде болжайды.

-Мәтін бөлігін оқып, оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап

-Шығарманың толық нұсқасын оқиды, қорытынды шығарады.

-Оқушылар мәтінді оқып отырып, ішінен көркембейнелі сөздерді жазып отырады.

-Сол арқылы жұппен өз ойын білдіреді.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Белсенді қимыл қозғалыс кезінде оқушылардың дұрыс жүріп тұруы қадағаланады.

Сабақ бойынша рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу