Шығармадағы оқиғаны болжау. 3 сынып


 Тарау: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

 

 Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау

 

 Оқу мақсаттары:

 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

 3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды және шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну

 Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап сюжеттің дамуын болжап негіздей алады

 Кейбір оқушылар: өзіндік талдауларын негіздей алады

 

 Бағалау критерийлері:

  • мәтінді түсініп оқиды
  • мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды
  • кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Ширату тапсырмасында суреттер арқылы кіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін болжауға тапсырма беріледі.

  • Тақтадан сурет көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 Оқушылардан сол суреттегі балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша сұралады

  •  Балалардың жасы нешеде?
  •  Немен айналысады?
  •  Мінездері қандай?
  •  Көңіл-күйлері қандай?

 Оқу мақсатын анықтау: Сурет бойынша қандай сұрақтарға жауап бердіңдер?

 Сабақ мақсаты: шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау және шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну.

 

 Сабақтың ортасы:

 1-тапсырма. Оқиық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  (Ө). М.Бекжановтың «Сауысқан» ертегісінің үзіндісін оқу тапсырылады.

 «Сауысқан» ертегісінің үзіндісін оқы.

 1.Ертегінің бірінші бөлімін өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

 2.Мәтіннен болжауға қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды.

 3. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады.

 Саралау: «Қарқын арқылы саралау». Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Қ/Б: Өзіндік бағалау. «Смайликтер».

 2-тапсырма. Болжайық.

 (ЖЖ). «Көршіңізге айтыңыз» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Сауысқан әрі қарай не істейді,болжа?

  •  Мәтін бөлігін оқып болған соң, топта мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды.
  •  Жасаған болжамдары бойынша мәтіндегі оқиғаларға сүйенеіп сюжеттің дамуы бойынша суретерін салады.
  •  Салған суреттер бойынша жұмыстарын қорғайды.

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

 Қ/Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау.

 

 3-тапсырма. Оқиық.

 (ЖЖ,Т). «Сауысқан» ертегісінің жалғасын оқу тапсырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Ертегі жалғасын оқы.

  •  Мәтін жалғасын оқу.
  •  Жасаған болжамдары бойынша салынған суреттерін мәтіннің бөлігімен салыстырады. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
  •  Әр топ жұмыстарының қортындысын қорғайды.

 Саралау: Басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі.

 Қ/Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

 

 4-тапсырма. Анықтайық.

 (Т). «Төрт сөйлем» әдісі

 Сауысқанның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін анықта.

  •  Сауысқанның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап өз топтарында талқылайды.
  •  Алдын-ала дайындалған қағазға (сауысқан суреті бар ) төрт пікір жазады:

 Пікір. іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептері. (бір сөйлем).

 Дәлел. бір сөйлеммен дәлелдеңдер. (бір сөйлем).

 Мысал. пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер. (бір сөйлем).

 Қорытынды. Қандай қорытынды шығардыңдар (бір сөйлем).

  •  Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

 Саралау: «Тапсырма арқылы саралау». Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.

 Қ/Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.

 

 Сабақтың соңы.

Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі:

 Оқушылар таңдаған алмасын алма ағашына іледі.

 Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.

 Сары түсті алма- мен тапсырманы орындай алдым, бірақ үйренерім бар.

 Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу