Шығармадағы оқиғаны болжау. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)» ортақ тақырыбы

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шығармадағы оқиғаны болжау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды және шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну

Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап сюжеттің дамуын болжап негіздей алады

Кейбір оқушылар: өзіндік талдауларын негіздей алады

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түсініп оқиды
  • мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды
  • кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық. Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

Еңбек пен шығармашылық. Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Шығарманы оқи отырып, тақырыпты өмірмен байланыстырады.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәнімен байланыстыру

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан оқушылар мәтіннің сюжеттік желісін көреді.

Бастапқы білім

Мәтінді түсініп оқи алады, өзін-өзі бақылауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

Ширату тапсырмасы: Тақтадан сурет көрсетіледі.

Оқушылардан сол суреттегі балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша сұралады

  • Балалардың жасы нешеде?
  • Немен айналысады?
  • Мінездері қандай?
  • Көңіл-күйлері қандай?

Оқу мақсатын анықтау: Сурет бойынша қандай сұрақтарға жауап бердіңдер?

Сабақ мақсаты: шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау және шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну.

Сурет

4 слайд

1-қосымша

Сабақтың ортасы

5 минут

7 минут

10 минут

10 минут

Оқиық (Ө). М.Бекжановтың «Сауысқан» ертегісінің үзіндісін оқу тапсырылады.

«Сауысқан» ертегісінің үзіндісін оқы.

1.Ертегінің бірінші бөлімін өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

2.Мәтіннен болжауға қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды.

3. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады.

ҚБ: Өзіндік бағалау. «Смайликтер».

Болжайық. (Т,Ұ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.

Сауысқан әрі қарай не істейді,болжа?

  • Мәтін бөлігін оқып болған соң, топта мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды.
  • Жасаған болжамдары бойынша мәтіндегі оқиғаларға сүйенеіп сюжеттің дамуы бойынша суретерін салады.
  • Салған суреттер бойынша жұмыстарын қорғайды.

ҚБ. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау.

Оқиық. «Сауысқан» ертегісінің жалғасын оқу тапсырылады. Ертегі жалғасын оқы.

  • Мәтін жалғасын оқу.
  • Жасаған болжамдары бойынша салынған суреттерін мәтіннің бөлігімен салыстырады. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
  • Әр топ жұмыстарының қортындысын қорғайды.

 Қ/Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

Анықтайық. ). «Төрт сөйлем» әдісі

Сауысқанның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін анықта.

  •  Сауысқанның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап өз топтарында талқылайды.
  • Алдын-ала дайындалған қағазға (сауысқан суреті бар ) төрт пікір жазады:

Пікір. іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептері. (бір сөйлем).

Дәлел. бір сөйлеммен дәлелдеңдер. (бір сөйлем).

Мысал. пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер. (бір сөйлем).

Қорытынды. Қандай қорытынды шығардыңдар (бір сөйлем).

  • Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Қ/Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.

5 слайд

Түрлі-түсті стикерлер

6 слайд

2-қосымша

Флипчарт, түрлі-түсті бояулар

7 слайд

3-қосымша

8 слайд

4-қосымша

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі:

Оқушылар таңдаған алмасын алма ағашына іледі.

Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.

Сары түсті алма- мен тапсырманы орындай алдым, бірақ үйренерім бар.

Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 

9 слайд

Саралау. 1-тапсырма. «Қарқын арқылы саралау». Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

2 тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету. Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

3 тапсырма – Басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі.

4 тапсырма – «Тапсырма арқылы саралау». Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.

Дескриптор

  • мәтінді түсініп оқиды
  • мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды
  • кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу