Адамның тіршілік іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Адамның тіршілік іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақ тақырыбы: Адамның тіршілік іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 3.2.1.4 - адамның тіршілік іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру
3.1.2.3 -экспериментті жоспарлау және жүргізу
3.1.2.4 - жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
Сабақ мақсаттары: адамның тіршілік іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсінеді
зерттеу жұмыстары арқылы өсімдіктер әлемін қорғау керектігін түсінеді.

(Ұ) ОМ таныстыру
Адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру;

-Табиғатты өсімдіктерсіз елестетуге бола ма?
- Егер өсімдіктер қоршаған орта жағдайларына бейімделе алатын болса, неліктен өсімдіктерге қауіп төніп тұр дейміз?
- Адамға өсімдіктер не үшін қажет?»
(Өсімдіктер тамақ өнімдерін өндіруде, тоқыма, дәрі-дәрмек, жиһаз өнеркәсібінің шикізат қоры болып табылады).Өсімдіктердің қолданыс аясының кеңейе түсуі)
«Егістер, бау-бақшалар»
Бақшалар, егістіктер мен егін алқаптары не үшін оты¬рғызылатынын түсіндіріп, сызба жасауды тапсыру.
- Адамдардың шаруашылық әрекеттері өсімдіктер¬ге қалай әсер етеді? (Жасанды бірлестіктерді құру арқылы адамдар өсімдіктердің тіршілік ету жағдайын өзгертіп, табиғи бірлестіктерді жояды. Мысалы, дала мен ормандардың орнына қалалар тұрғызады).
(Ж) Адамның іс-әрекеті.
Берілген суреттерді не байланыстыра¬ды? Зауыт пен фабрикалардан бөлінетін газдар мен қалдықтар өсімдіктерге қалай әсер етеді?
Жауабы: (Газдың құрамындағы улы заттар то-пырақты, суды, ауаны ластайды, өсімдіктерді жояды).
(Ж) Орман.
Жер шарына ормандар қандай пайда тигізеді? (Ормандар оттекті бөліп, көмірқышқыл газды сіңіреді, өзендер мен көлдерді сақтап, ауа рай-ын реттеуге көмектеседі).
Адамдар ормандарды не үшін кеседі?
(Ағаш сүрегін, құрылыс материалдарын, жиһаз, қағаз, дәрі-дәрмек жасайтын фабрика мен за¬уыттарда шикізат қоры ретінде пайдаланады).
«Орманды қолдан өсіруге бола ма?» деген сұрақты талқылау
Бірлестіктегі ішкі бай¬ланыстар туралы не білетініне мән беру.
(Бірлестіктегі барлық өсімдіктер бір-бірімен өза¬ра тығыз байланыста болады. Орманға ағаштар қалай қажет болса, шыбынжұт та сондай қажет).
(Т) Зертте.
Мына жерге ағаштар, бұталар, шөптерді отырғызса, не бо¬лар еді?
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.
• «Бірлестіктердің қалыпты дамуына табиғи ортаның қандай жағдайлары кері әсер әсер етеді?
Бұл жерге ағаштар отырғызса, не болар еді? Оны қан¬дай белгілерінен білуге болады?» – деген сұрақтарға жауап беру арқылы өсімдіктердің неге нашар өсетіні жайлы топ ішінде талқылайды.
• Ватманға суретті жапсырады.
• Адамдардың қандай іс-әрекеттері бірлестік-тер түрі мен өсімдік түрлерінің азаюына әсер етті? (Өсімдіктерді жою, жолдар мен фабрикалар салу. Зи¬янды қалдықтарды тастау).
• Басқа топтардың қорытындыларымен салыстырады.
Зерттеу нәтижесінде оқушылар адамдар әре-кетінің өсімдіктер түрлерінің азаюына кері әсері ту¬ралы қорытынды шығарып, олардың табиғи бірлестік¬терді дамыту жолдары туралы болжам жасайды. Бұл жердегі топырақ, су мен ауа да зиянды заттармен ла¬станған. Өсімдіктер болғанымен, олар нашар өседі. Егер ағаштар отырғызса, олардың өсуі мүмкін. Зиян¬ды қалдықтар өсімдіктердің қалыпты өсуіне кедергі жасап, оларды ауруға ұшыратады.
-Бұл аймақта өсетін өсімдіктердің алуантүрлілігі туралы не айтуға болады? Адамдар¬дың қандай әрекеттері өсімдіктер санының кемуіне елеулі әсер етеді? (оқушылардың пікірін тыңдау)
(Т) Топтық талқылау
Табиғи бірлестіктерді сақтау үшін қан¬дай шаралар қолдануға болады?
Оқушылардан екінші сыныпта өткен материалдар бойынша өздері білетін өсімдікті қорғауға қатысты шараларға (гүлдерді жұл¬мау, бұталарды сындырмау, жас көшеттерді отырғы¬зу) көңіл аударту.
(Ескерту белгілерінен тұратын плакат жасауды тапсыру. Түсінгендерін білу үшін өсімдіктер әлеміне адамдардың зиянды әрекеттері¬не қатысты мысал келтіруін сұрау.).........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 431



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?