Қызыл кітаптың сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы рөлі (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Қызыл кітаптың сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы рөлі (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақ тақырыбы: Қызыл кітаптың сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы рөлі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.1 Өсімдіктер
Сабақ мақсаттары: 3.2.1.5 - сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау

Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен сабақты еске түсіру.
Адамның тіршілік іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру.
Оқулық: 28-29 бет
Дәптер: 20-21 бет

(Ұ) Оқушыларға Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктердің суреттерін көрсету (жаңғақты лотос, Грейг қызғалдағ....).
- Осы өсімдіктерді кездестірдіңіз бе? Неліктен?
(Т) Оқушыларға айтылған сөздерді аяқтауды ұсыну.
Ерте, ерте, ертеде Жер шарын біржола жоғалып кеткен аңдар, құстар және балықтар мекендеген. Солардың қатарында Жер бетінде енді өспейтін өсімдіктер де болған. Бұл көп жағдайда __адамның___ сараңдығынан орын алып отыр. __Ағаш__өндіру кесірінен орман ағаштары кесіледі. Шөптің кейбір түрлерінің аман қалуы үшін орман жағдайлары қажет болған. Көптеген __ағаштар__ да, және бұталар да тек __ орман__ ішінде өмір сүре алатын еді. Сонда табиғат қорғаушылары бірігіп, планетамызды ренжіткен адамдармен күресуді бастады. Олар халықаралық табиғатты қорғау одағын құрып, 1966 жылдан бастап __ Қызыл__ кітап басып шығара бастады. Кітап өз атауына табиғатты қорғау одағының арнайы комиссиясының жетекшісі - Питер Скот ұсынысынан кейін ие болды. Оның ойынша, қызыл түс - бұл __үрей __ түсі, және ол айрықша назар аудартып, маңыздылығын көрсетеді. Қызыл кітапты __адам __ ар-ұждан құжаты деп атайды.
(Мәтінге арналған сөздер: адам, ағаш, ағаштар, орман, Қызыл, үрей, қауіп, адамның)
(К) Оқушыларға "Ойлаудың алты қалпағы" атты стратегиясын ұсыну. Сапалы кері байланыс алу үшін оқушыларға қалпақтың біреуін киіп көруді ұсыныңыз, және рөлге сәйкес сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалуда Қызыл кітаптың рөлі туралы өз пікірін айтуды ұсыну.
1. Ойлаудың ақ қалпағы - айғақтар мен сандар.
2. Қызыл қалпақ – эмоциялар, сезімдер және интуициялар қалпағы
3. Сары қалпақ жағымды пікір, ой.
4. Қара қалпақ- сары қалпаққа толықтай кереғар, жағдайдың сыни бағалануы.
5. Жасыл – шығармашылық пен жасампаздық, баламаны таңдау мен өзгерістерді енгізу қалпағы.
6. Көк қалпақ –ол идеяны іске асыру үдерісін және мәселені шешу барысындағы жұмысты басқаруға арналған.
Ойлан.
-Өсімдік әлемін қорғау үшін адам не істеуі керек?
Жауап: Өсімдіктерді қорғау туралы ұсыныс білдіріп , жойылып кетудің алдын алу шаралары туралы әңгімелесіп , оларды көбейту жолдарын табуға талпынады.
Дәптермен жұмыс.
-Мен өсімдіктерді қалай қорғаймын?
Жауаптары:
- Табиғат аясында қоқыстарды , сынған шыны заттарды , пластикалық бөтелкелерді , қалдыруға болмайды.
- Орманда от жағуға болмайды н/е оны өшіріп кету , жапырақтарды , гүлдерді , өсімдіктерді жұлуға болмайды , өсімдіктерді қазып алуға болмайды.
Шатасқан әріптер. Жауаптары:
А) Сәуір болмай тәуір болмас.
В) Қыстағы қар – жерге ырыс, жердегі ылғал – елге ырыс.
С) Ағаш тамырымен мықты , адам дос - жарымен мықты.
1948 жылы ХТҚО (Халықаралық табиғатты және табиғат көздерін қорғау одағы) комиссиясы "Айғақтардың Қызыл кітабын" енгізді. Оны жасау үшін жоғалып бара жатқан аңдар мен өсімдіктер түрлері туралы барлық мәліметтерді жинақтау мақсатында көп жылдар бойы еңбек ету қажет болды. Алғашқы шығарылымы 1966 жылы жарық көрді. Қызыл кітап Швейцарияның Морж қаласында сақтаулы.
Дифференциация.
- Сен не білдің?
1. Жарық түскенде өсімдік жапырағынан не бөлініп шығады?
Б) Оттек
2. Өсімдіктің қай бөлігі көбірек жылуды қабылдайды?
В) Жапырақ
3. Дәрілік өсімдіктерді жинау орман бірлестігіне қалай әсер етеді?
Б)Өсімдіктердің санымен алуантрүлілігі азаяды.
ҚБ тапсырмасы
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтайды .........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 532



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?