Дыбыс көздері. Жануарлар қандай дыбыс шығарады? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

 Дыбыс көздері. Жануарлар қандай дыбыс шығарады? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дыбыс
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс көздері. Жануарлар қандай дыбыс шығарады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.8.2.2 Дыбыс көздерінің алуан түрлілігін және табиғатта олардың көп екендігін білу және атау.
Сабақтың мақсаттары: Табиғи дыбыс туралы түсініктерін кеңейту; жануарлар әртүрлі дыбыс шығаратынын таныстыру;
Бақылау, салыстыру, себеп-салдарды байланыстыру дағдысын қалыптастыру.

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
-Өткен сабақта не үйрендік?
- Жануарларды қандай екі топқа бөлуге болады?
-Қандай үй жануарларын атай аласыңдар?
- Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?
-Үй және жабайы жануарлар несімен ұқсас?
-Айырмашылығы неде?
- Үй жануарларлары қайда тұрады?
- Ал аңдар?
Сабақтың мақсатын нақтылап алу.
- Бүгін сабақта біз жануарлар туралы білімімізді толықтырамыз. Олардың қалай дыбыстайтындарын білетін боламыз.
(Ұ, МК) Кіріспе тапсырма.
«Өз тобыңды тап» атты ойынды ойнау үшін оқушыларды екі топқа бөлу. Әрбір оқушыға кез келген жануардың бейнесі бар үлестірмелі парақшаны беру. Оқушылар үлестірмелі парақшадағы бейнеленген жануарларға қарап, оның «жабайы жануар» немесе «үй жануары» екенін анықтайды. Белгі бойынша ойын аяқталады.
Әртүрлі жануардың жазылған дыбыстарын ресурста берілген сілтеме бойынша өтіп, тыңдату.
Оқушылар жануардың дыбысын естіген соң, анықтап алғандарын үлестірмелі парақшадан көрсетілген суреттен таңдап алып, солдан оңға қарай рет-ретімен қояды. Одан кейін әрбір топтың нәтижелері тексеріледі. Табиғи дыбыс көздерін естеріне түсіруін сұрау.
- Осы топқа жануарлар тата ма?
Материалды оқулық арқылы бекіту.
Оқушыларға тауда мекендейтін жануарлардың суретін көрсету. Суретпен жұмысты «Дені саудың – жаны сау» бөлімімен байланыстыру.
- Негеш пен Эврика жергілікті жануарларды бақылау үшін тауға аттанғанын баяндау. Эврика өзімен бірге бейнекамерасын алды.
-Сендер қалай ойласыңдар?
-Тауға бару үшін тағы не алу керек?
- Тауға шығудың пайдасы қандай?
- Тауға үлкендерсіз баруға бола ма?
- Неге?
Суреттердегі «Жануарлар қандай дыбыс шығарады?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, сол дыбыстарды оқушылардың өздеріне шығаруды ұсыну.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 452



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?