Дыбыс пен кедергі (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

 Дыбыс пен кедергі  (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс пен кедергі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 4.5.3.1 - белгілі бір кедергінің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру;
4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
Сабақ мақсаттары: Белгілі бір кедергінің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру;

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.
(МК, Ұ) Анықта.
Мақсаты: сабақтың тақырыбын анықтау
Мұғалім оқушылардың көздерін жұмуларын өтінеді.
Әр түрлі ара қашықтықта дыбыс шығарады.
1. Шапалақтайды;
2. Есікті сырттан қағады;
3. Партаны қалмның көмегімен тарсылдатады, т.б.
- Балалар мен істедім?
- Оны қалай білдіңдер? Ненің көмегімен анықтадыңдар?
- Әрбір шыққан дыбыстың дауысы бірдей болды ма?
- Ендеше, бүгінгі сабақта не туралы сөйлесетін боламыз?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критерийлерімен танысу.

(Ұ, МК) «Бірге зерттейміз»
Мақсаты: дыбыс күшін, қаттылығын, жұтылуын, таралуын анықтау.
1. Оқушыларға камертонды көрсету.
Камертонның бір кертешімен үстелдің шетін ұрыңыз. Камертон дыбыс шығарады. Камертонды тез суға батырыңыз.
- Су неге қозғалысқа түсіп, кішкентай бүркін тамшылар пайда болды?
- Толқынның таралуын қалай тоқтатуға болады?
- Толқынның таралуына не бөгет бола алады?
2. Дыбыстардың таралуына, мысалы, көшедегі дыбыстың бөлмеге жетуіне не бөгет болуы мүмкін? (терезе әйнегі)
- Естіліп тұрған дыбысты қалай күшейтуге болады?
- Дәрігерлер жүректің соғу дыбысын күшейтетін қандай бейімделген құралдар пайдаланады? (стетоскоп)
- Бұл екі бақылаудан қандай қорытынды шғаруға болады?
/Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қажеттілігіне қарай толықтырулар мен түзетулер енгізіледі/.
(Т) Анықта. Дәлелде.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік қабілетін дамыту.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 538



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?