Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды? (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды? (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су – тіршілік бастауы»
Сабақ тақырыбы: Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.3.1 табиғи жағдайларға байланысты адамдардың қоныстануын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
- табиғи жағдайлардың адамдардың қоныстануына әсерін анықтау.

1. Миға шабуыл (топта)

Түрлі табиғи белдеулердің суреттер топтамасы ұсынылады.
- Экваторлық белдеу (Оңтүстік Американың солтүстігі, Африка орталығы, Еуразияның шеткі оңтүстігі)
- Тропикалық белдеу (Еуразия, Солтүстік Америка, Австралия, Оңтүстік Америка)
- Қоңыржай белдеу (Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка) Қазақстан қоңыражай климаттық белдеуде орналасқан. Жылдың барлық маусымы айқын көрінеді.
- Полярлық белдеу (Антарктида, Арктика мұхиты)

Оқушылар ұсынылған белдеудің табиғатын (рельеф, климат және т. б.) сипаттайды, осы белдеудің табиғи жағдайларының адамдардың өмірі мен қызметіне әсері туралы айтады.

2. «Волейбол» стратегиясы ( ұжымда)

Талқылау үшін сұрақтар:
- Қандай негізгі климаттық белдеулер бар?
- Әрбір климаттық белдеудегі табиғи жағдайлар қандай?
- Қандай климаттық белдеуде адамдар қуана қоныстанар еді?
- Ертеде адамдар қандай жерлерде, қай аймақта қоныстанды? Ол аймақтың оңтүстігі мен солтүстігін таңдау себебі неде?
- Не себепті адамдар өсімдіктері бай және жануарлар әлемі мол мекендерді таңдады?

3. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- табиғи жағдайлардың адамдардың қоныстануына әсерін анықтау.
4. Тақырып бойынша кіріспе
"Адамдардың қоныстануы және Жер халқының өсуі" атты бейнематериалдың көрсетілімі

Талқылау үшін сұрақтар:
- Алғашқы адамдар қайда тұрды?
- Бұл табиғи жағдайларға байланысты болды ма?
- Неге адамдар су жанында қоныстанды?
- Неге адамдар таудың етегінде, төбенің жанында өмір сүрді?
Әңгімелесуден қорытынды жасалады.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 591



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі