Теңсіздіктер жүйелерін шешу 2-сабақ (А-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

 Теңсіздіктер жүйелерін шешу 2-сабақ (А-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу 2-сабақ (А-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Квадрат теңсіздіктерді шеше алады;
• Теңсіздіктер жиынтығын шеше алады.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

Қайталау.
Мұғалім оқушылармен екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін қайталайды. Сонымен қатар, оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:
- Теңсіздіктер жүйесін шешу кезінде әр теңсіздіктің жауаптарын біріктіре ме, әлде қиылыстыра ма?
- Егер екі теңсіздіктің шешімдері қиылыспаса, онда теңсіздіктің шешімі не болады?
- Егер екі теңсіздіктің біреуінің шешімі екіншісінің шешімін толығымен қамтып тұрса, онда теңсіздіктің шешімі не болады?

3. Жұптық жұмыс. Тест
Өткен сабақ бойынша оқушылардың түсінік деңгейлерін тексеру мақсатында оқушыларға жұпта кестені толтыру ұсынылады. Мұнда оқушыларға теңсіздіктер жүйелері, олардың жауаптары (аналитикалық және графиктік) берілген. Олар теңсіздіктер мен олардың жауаптарын сәйкестендіреді.

4. Теңсіздіктер жиынтығы ұғымын енгізу.
Мұғалім оқушыларға теңсіздіктер жиынтығы ұғымын түсіндіреді.

Теңсіздіктер жиынтығы:
• Егер екі немесе одан да көп бірнеше теңсіздіктің әрбіреуінің шешімі болып табылатын айнымалының барлық мәндерін табу керек болса, онда теңсіздіктер жиынтығын шешу керек болғаны. Ал мұндағы берілген теңсіздіктер теңсіздіктер жиынтығын құрайды.
• Құрамындағы теңсіздіктердің барлық шешімдерін қамтитын жиын теңсіздіктер жиынтығының шешімі болып табылады.
Яғни, теңсіздіктер жиынтығының шешімі оның құрамындағы теңсіздіктердің шешімдерінің бірігуі болып табылады.
• Теңсіздіктер жиынтығы квадрат жақшаның көмегімен жазылады.
• Теңсіздіктер жүйесінің шешімін табу үшін:
1) әрбір теңсіздікті бөлек шешу керек;
2) табылған шешімдердің бірігуін табу керек.

Мұғалім жүйені шешу кезінде шешімдірді қиылыстыру, ал жиынтықты шешу кезінде біріктіру керек екендігіне оқушылардың назарын аударады.

5. Бекіту
Мұғалім оқушылармен бірге келесі мысалды қарастырады, мұнда теңсіздіктер жүйесі, бірақ алдыңғы сабақтарда шығарған теңсіздіктер жүйесінен айырмашылығы жүйедегі екі теңсізідік те квадраттық болып келеді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 382



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?