👈 қаріп өлшемі 👉

Теңсіздіктер жүйелерін шешу 4-сабақ (Б-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

 Теңсіздіктер жүйелерін шешу 4-сабақ (Б-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу 4-сабақ (Б-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу;
Сабақ мақсаттары: •Қосымша шарты бар екі квадрат теңсіздіктен тұратын жүйе мен жиынтықты шешу;
• Екі квадрат теңсіздіктен тұратын жүйені құруға арналған мәтіндік есептерді шешу.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

2. Қайталау.
Мұғалім келесі кестені көрсетеді, оқушылар оны негіздейді, жүйе – жиынтық ұғымдарын қайталайды.

Оқушылар теңсіздіктер жүйесі мен жиынтығын шешу алгоритмдерін айтады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады.
Осыдан кейін мұғалім қайталаудың қорытындысын келтіреді.

3. Қолданбалы есепті шешу.
Мұғалім оқушыларға қолданбалы есепті қарастыруды ұсынады, бұл есепті шешуде физика курсынан белгілі ұғымдар қажет.
Есеп. Фильмді түсіру кезінде каскадер 20 метрлік үйден секіруге дайындық үстінде.
Бейнекамера жерден 15 м мен 10 м биіктікте болғандағы құлауды түсіріп алуы қажет. Операторға қай уақыт аралығында таспаға видеоны түсіру керек.

Оқушылар мұғаліммен бірге есепті шешу жолын талқылайды, содан кейін оны жеке шығарады, шешу жолын түсіндіреді. Мұғалім кері байланыс ұсынады, қорытынды жасайды.

4. Топтық жұмыс.
Мұғалім оқушыларды деңгей бойынша топтарға біріктіреді. Оқушылар квадрат теңсіздіктердің жүйесі мен жиынтығын шешуге тапсырмаларды орындайды.
Тапсырма. Шешіңіз және жауаптарыңызды салыстырыңыз. Қорытынды жасаңыз.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін, топтар өз шешімдерін тақтаға іліп қояды. Мұғалім бағалау жүргізеді. Оқушылар қорытынды жасайды. Мұғалім кері байланыс ұсынады......

Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы 12.10.2021, 0
» Жастарға баспана: жеңілдетілген бағдарлама шарттары айтылды 09.10.2021, 0
» Түркиямен байерлік бизнеске алданған әйелдер, қазақстандық жұлдыздардың жарнамасы және заңгердің жанайқайы 07.10.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы