Алкендердің қосылу реакциялары (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

 Алкендердің қосылу реакциялары (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алкендер
Сабақ тақырыбы: Алкендердің қосылу реакциялары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.2.20 қосылу реакциялары теңдеулерін құру: галогендеу, гидратациялау, гидрогалогендеу;
Сабақ мақсаттары: Алкендердің қосылу реакциялары теңдеулерін құру: галогендеу, гидратациялау, гидрогалогендеу.

Сабақтың басында «ЖҰМБАҚ СӨЗ» ойынның шарты: бір оқушыны тақтаға шығару керек, ал қалған оқушылар тақтадағы оқушыға мұғалімнің жасырған сөзін академиялық тілде, диалогта қолданылатын сөз тіркестерін қолданып, пәндік лексика мен терминалогияны қолданып түсіндіруі керек. Оқушы терминді анықтауы керек. Бұл ойынның негізінде тақтадағы оқушының білімін, сонымен қатар сыныптағы қалған оқушылардың білімін тексеруге болады.
ойынын ойнату. (өткен тақырыптар бойынша терминдерден бастап жаңа тақырыпқа байланысты терминдермен аяқтау арқылы жаңа тақырыпқа қызықтыру немесе жаңа тақырып бойынша ой қозғау). Терминдер: алкен, изомерия, цис-изомер, транс-изомер, қосылу реакциясы, қанықпағандық, электрофил, нуклеофил, электрофилді қосылу және т.б.
Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырады және сабақтың мақсатын қояды, жетістік критерийлерін анықтайды.
(Т) Екі алкеннің, мысалы симметриялық этилен және ассиметриялық пропеннің, гидридтену, галогендену, гидратациялану, гидрогалогендену реакцияларын құрастыруды оқушылардан сұрау. Жұмыс парағын тарату.

Бағалау критерийлері:

• Симметриялы және ассиметриялы алкендердің қосылу реакцияларын молекулалық теңдеуін жазады;
• Әр реакцияның жүру механизмін көрсетеді;
• Түзілетін өнімді дұрыс болжайды;
• Өнімді дұрыс атайды.
Жұптық жұмыс. Осы реакциялар негізінде симметриялық және ассиметриялық қосылу реакцияларының жалпы сызбанұсқасын құрастыруды ұсыну.
Бағалау критерийлері
• Симметриялық алкендер үшін қосылу реакциясының сызбанұсқасын жазады;
• Ассиметриялық алкен үшін қосылу реакциясының жалпы сызбанұсқасын жасайды.
• Сыныпты мұғалімнің қалауы бойынша топқа бөлу.
Бағалау жұптардың өзара бағалауы нәтижесінде жүзеге асады.
(С, Б) Оқушыларға «Алкендер әлемінде» саяхат ойынын ұсыну: алкендердің қасиеттері бойынша тапсырмамен аялдамалардан өтеді. Тапсырманы дұрыс орындағандар ғана келесі аялдамаға өте алады. Аялдамадағы жұмыстың дұрыстығын мұғалім және бірнеше мұғалімнің көмекшісі (оқушыларды алуға болады) тексеріп тұрады. Топтар ойынды әр түрлі аялдамадан бастайды. Аялдамаларды сыныпта әр түрлі аймақта жасыруға болады. Аялдама орынын тура айтпай ойлау дағдысын дамыту мақсатында сілтеме түрінде беруге болады.
Скауттар тобы:
1. бутен-2
2. пентен-1
3. пентен-2
4. бутен-1
Аялдамалар:
1. гидридтену
2. галогендену
3. гидротациялану
4. гидрогалогендену.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 496



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?