Жақсы деген немене жаман деген немене? (3 сынып, I тоқсан)

 Жақсы деген немене жаман деген немене? (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады;
Көпшілік оқушылар: көркем -бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізеді
Кейбір оқушылар: көркем – бейнелі сөздерді қолдана отырып, өз йын айтады, мысалдар келтіріп дәлелдейді.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Мен қандаймын» ойыны.
Мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту.
Ойын барысы: балалар шеңберге тұрып, бір - біріне допты беріп, сол бала жайлы пікірін айтады.
Мысалы: Айгүл, сен әдемі, ақылды қызсың.
Қанат сен тәртіпті, ұқыпты баласың.
Топқа бөлу: «Қимылды көрсет» ойыны
Мұғалімнің нұсқаулығымен оқушылар әр түрлі қимылдарды көрсетеді.
1.«Адамдар» дегенде барлығы жүреді,
2.«Үй» дегенде 2 адамнан үй жасап тұрады,
3.«Тұрғын» дегенде үй ішіне 1адам кіреді.
4.«Қонақ» дегенде 5 адамнан қол ұстасып тұрулары керек.
5.Осы қонаққа жиналған бес оқушы 1 топ болып топтасады.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру,
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Т) Білу
«Жақсылық жасау әр адамның қолынан келе ме?» пікірталас өткізу.
Сынып оқушылары екіге бөлінеді. Бірі жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді деген пікірді қолдаса, екінші топ жақсылық жасау әркімнің қолынан келмейді деген пікірді дәлелдер келтіре отырып қорғайды.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
2-тапсырма
Мақал- мәтелдер беріледі, оқушылар өз ойларын айтады. Тақырыбын анықтайды.
Мақал-мәтелдер Негізгі ой
1.Әдепті бала-арлы бала
2.Ақыл азбайды,
Білім тозбайды
3.Білемін деп мақтанба,Сеннен білгіш табылар
4.Анаңды Меккеге үш рет қайтара арқалап барсаң да,қарызыңнан құтыла алмайсың
5.Өтірік өрге баспайды
білім керек
әдептілік
анаңды сыйлау
мақтаншақтық
өтірік-жаман әдет
Саралау: Топта балалар бірге жұмыс жасайды және өз идеяларын айтуға үйренеді
ҚБ «Бағдаршам»
Жасыл түс(тапсырманы толық,дұрыс орындаса)-Өте жақсы
Сары түс(тапсырманы толық орындамаса)-Жақсы
Қызыл түс(тапсырма толық емес және қателіктер болса)-Орташа
3-тапсырма
Талдау
Мақалдардағы негізгі ойды білдіріп тұрған сөздерді кестеге түсір. Кестені толтыр
Жақсы нәрсе Жаман нәрсе
Саралау:Көмек қажет ететін оқушыларға түсіндіру жұмысымен бірге қосымша уақыт беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше жалғастырады
ҚБ «Қол шапалақтау»
Тапсырманы дұрыс орындағандарды қол шапалақтау арқылы бағалау
4-тапсырма
«Мозайка» әдісі
Әрбір топқа сурет қиындыларын тарату. Оқушылар сурет қиындыларынан сурет құрастырып,суретке қарап әңгіме құрастырады. Әңгіме құрастыру кезінде мақал – мәтелдерді қолдану ескертіледі.
Саралау:Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады. Оқушылар бір-бірін тыңдайды және толықтырады
ҚБ «Бір-бірін бағалау»
Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 105



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі