Әдеби шығарманың жанрын анықтау №2 (3 сынып, I тоқсан)

  Әдеби шығарманың жанрын анықтау №2 (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Әдеби шығарманың жанрын анықтау №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтап, мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
Көптеген оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшелігін анықтап түсіндіруде өз пікірлерін айтады
Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіріп, талдау жасай алады.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы: (Ұ) Артығын алып таста Оқушыларға сөздер жинағын (теңеу, эпитет, кейіптеу, аңыз) көрсетіңіз. Олар қай сөдің қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек.
«Миға шабуыл» әдісі. Қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған. Берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады.
- - Бұл не сөз?
- - Оны қайдан білесіңдер?
- - Неге олай таңдадың?
- -Бұдан нені анықтауға болады?
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтап, мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.
Сабақтың ортасы
Оқиық. (Ө). «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. «Ажалдан құтқарған асыл сөз» аңызын оқи отырып бөліктерге бөл.
1. Әр оқушы аңызды оқып бөліктерге бөледі.
2. Өзінің жинаған ақпараттарын жұбымен ақылдасып, ойларын сәйкестендіреді.
3. Жұппен талқылаған мәтін бөліктерін топта талқылап, қорытынды жасайды. Өз пікірлерімен бөліседі.
(Ө) (Ойлан) – Мәтінді бөліктерге бөліп оқы.
- Не байқадың? Неге олай бөлгеніңді ойла.
(ЖЖ) (Жұптас) – Мәтін бойынша белгіленген бөлікті қайта қара. Ойларыңды бір–біріңмен сәйкестендір.
(Т) (Бөліс) – Белгілеген аңыз бөліктерін салыстырып, ортақ бөлімдерді анықтаңдар.
Қ/Б: Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.
Құрастырайық. (Т). Аңыз бойынша бөлінген әр бөлікке ат қойып жоспар құр.
1. Аңыз бойынша белгіленген бөлікті қайта шолу тапсырылады.
2. Топ бойынша ортақ жоспар құрастырады.
3. Жоспарларын фипчартқа жазады.
4. Жоспарлары бойынша «галлерея» ұйымдастырады
ҚБ «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.
Ойымызбен бөлісейік. (Т,Ұ). «Кезбе тілші» әдісі. Осы аңызға қандай көркем-бейнелі сөз айтуға болады? Берілген көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойың мен сезіміңді жеткіз.
1.Сөз тапқанға қолқа жоқ.
2. Сөз сүйектен өтеді.
3. Асыл сөзге өлім жоқ
4.Орынды айтылған сөз. Орнына қағылған шеге.
5. Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.
6. Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.
7. Жарлы болма, арлы бол
Әр топ өз жұмыстарын «Кезбе тілші» әдісі бойынша таныстырып шығады. Оқушылар орындарынан тұрып басқа топтардың жұмыстарымен танысу үшін тілші ретінде микрофон ұстап алып мәтін бойынша қай көркем-бейнелі сөздер сәйкес келетінін түсіндіреді.
ҚБ. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 766



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?