Астанада өткен ЕХРО көрмесі(2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

  Астанада өткен ЕХРО көрмесі(2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астанада өткен ЕХРО көрмесі(2-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау
Сабақтың мақсаттары: Жазуда орфографиялық норманы сақтау, тыныс белгілерін дұрыс қоя білу; емле ережелерін білу.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту
«Константинополь» ойыны
Мұғалім сабақты берілген сөз бойынша (көрме, энергия, болашақ, өнертабыс) әріптерінен зат есімдер құруды тапсырумен бастайды. Оқушыларды «көрме», «қуат көзі», «болашақ», «өнертабыс» деген төрт топқа бөледі. Әр топ өзіне берілген сөзден зат есім болатын сөзді құрастырады. Шарты: сөздегі әріптерден асып кетпеу керек.
Ықтимал жауаптар:
Көрме: ер, өр, көр, өре, кем
Осыдан кейін мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
Жазылым алды тапсырма
Оқушылар топпен біріге отырып, тірек сөздер бойынша ЭКСПО көрмесіне анықтама береді.
Сипаттау үшін қажетті сөздер: көрме, халықаралық, әлемдік деңгейде, нысан, баламалы энергия, қуат көзі, шетелдік қонақтар, болашақ энергиясы, тағы басқа да қолданыстар.
Жазылым тапсырмасы
 «Көрме» тобы мәтіннің 1-бөлігіне, «Қуат көзі» тобы 2-бөлігіне, «Болашақ» тобы 3-бөлігіне, «Өнертабыс» тобы 4-бөлігіне қателер енгізеді.
 Өңдеген бөлікті келесі топпен ауыстырады.
 Мәтінде кездесетін қателерді (тыныс белгі) тауып түзетеді.
 Неге түзеткенін, қандай ережеге сай түзеткенін түсіндіреді.
«Астанада өткен ЕХРО көрмесі» мәтіні
1-бөлік
EXPO-2017 көрмесіне үш айда 178 елден 4 миллионға жуық адам келген. Көрмені әр келуші толық көру үшін 96 сағат жұмсауы керек. Көрме кезінде 3500 мәдени іс-шара өткізілген. 33 мың әртіс өнер көрсеткен.
2-бөлік
«ЭКСПО-2017» символы «Нұр Әлемнің» құрылысына 13 000 тонна металл жұмсалған. Шар жабындысы 2800 бірегей әйнектен тұрады. «Нұр Әлем» сферасының жалпы аумағы - 22 000 шаршы метр. Бұл - төрт бірдей футбол алаңының көлемі.
3-бөлік
Көрменің барлық нысандарының құрылысы үшін 56 мың тонна металл мен 500 мың тонна бетон жұмсалған. Бұл әлемдегі ең биік екі мұнараны тұрғызуға жетеді. 53 елдің мемлекет басшылары мен үкімет басшылары көрменің құрметті қонағы мен қатысушысы болды.
4-бөлік
Көрмеде 4500 ерікті қызмет еткен. Көрменің жұмысы барысында келушілер 100 миллионнан аса суретке түскен. Үйленуге 88 ұсыныс жасалған. Ғалымдар бүгінгі күні адамзат өмірін өзгертіп жатқан 153 ғылыми өнертабыс ұсынған.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
Топтар өзінде болған қателіктерге сәйкес және кездескен тыныс белгілеріне қатысты пунктуациялық ережелер кеңесін жазып шығады.
Үлгі:
Біліп жүріңіз!!!
1) Егер бастауыш та, баяндауыш та зат есім сөз табынан болса, олардың арасына «сызықша» тыныс белгісі қойылады.
2) Хабарлы сөйлемдерде міндетті түрде «нүкте» тыныс белгісін қоясыз.
3) .........................................
Дескриптор:
• Тақырып аясында диктант жазады;
• Орфографиялық норманы сақтайды;
• Тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;
• Емле ережелері арқылы талдау жасайды.
Өзара бағалауды «Бутерброд» әдісі арқылы жүзеге асырады.
Өзара бағалауда 1-топ 2-топтың жұмысын, 2-топ 3-топтың жұмысын, 3-топ 4-топтың жұмысын, 4-топ 1- топтың жұмысын бағалайды.
бірінші жағымды түсініктеме беру;
одан кейін құрылымды сын айту;
соңынан тағы да жағымды пікір білдіру.
Мысалы,
Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы ..... ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 738



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?