👈 қаріп өлшемі 👉

№46-сабақ Түбір мен қосымша (3 сынып, II тоқсан )

 №46-сабақ  Түбір мен қосымша (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: №46-сабақ. Түбір мен қосымша
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, үлгі негізінде есте сақтап жазады
Оқушылардың көбі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
-сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу
Оқушылардың кейбірі:
-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
-сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ) Грамматикалық ширату: түбір сөзді естігенде 1 рет, туынды сөзді естігенде 2 рет қол соғу.
Ас, астық, жас, жастық, әнші, ән, күйші, күй, шеге, шегеле, үтікте, үтік, т.с.с.
ІІ. (Т) Өткенді бекіту.
(Ұ) «Сұрақ ілмегі» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау.
Түбір сөз дегеніміз не?
Туынды сөз дегеніміз не?
Қосымша дегеніміз не?
Қосымша нешеге бөлінеді? Қандай?
Түбірлес сөздер дегеніміз не?
Түбір мен қосымшаның жазылуы?
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін құрастырады.
ІV. Негізгі бөлім
3.2.3.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Проблемалық сұрақ:
Мақсаты: сыни ойлау дағдыларын дамыту, өткен білімді қайта жаңғырту.
1. Уақыт өлшем бірліктері неліктен қажет?
2. Не себепті «Сағат» және «Уақыт» ұғымдары қатар жүреді?
3 Әрбір өткен мезеттің немесе бір минуттың адам өміріндегі маңыздылығы қандай деп ойлайсың? т.с.с.
Оқушыларға өтілетін мәтіннің тақырыбы мен мазмұны болжатылады.
-Мәтін не туралы болуы мүмкін?
Оқылым. Оқулықтағы «Бір минут» мәтінімен жұмыс ұйымдастырылады.
Оқушыларды» топқа бөліп, «Үштік» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, өз көзқарастарын білдіретін жауаптар беру ұсынылады.
(МК) Мұғалім оқушы сұрақтарының неліктен? не себепті? қалай ойлайсың? мазмұнында болуын қадағалайды. Жауап болатын пікірдің нақты, дәйектермен берілуін бағалайды.
Мысалы. Талғат бір минуттың да рөлі бар екенін түсінді ме?, Оны түсінуге не себеп болды?
Топтар өзара бірін-бірі бағалау дескрипторы негізінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша бағалайды.
Бағалау дескрипторы:
-бір ашық, бір жабық түріндегі сұрақ құрастыру;
-сұрақ мәтіннің мазмұнына сәйкес болу керек;
-өз көзқарасын білдіретін жауап болу керек.....

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы