10 сынып Еңбек ҚМЖ
Сынып сағаты | № 4 | |
Сынып жетекші: | ||
Күні: | 22.09.2025 | |
Сынып: 10 | Қатысқаны: Қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | «Еңбек түбі береке» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 4-сабақ «Бейтаныс адамдарға жеке фотосуреттерді жіберу қауіп» | |
Сынып сағатының мақсаты: | •Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру; •Еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, адал еңбектің нәтижесін бағалауға тәрбиелеу; •Еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатынын түсіндіру. | |
Қауіпсіздік сабағының мақсаты: | •Оқушыларға интернеттегі жеке ақпаратты, әсіресе фотосуреттерді қорғаудың маңызын түсіндіру. •Бейтаныс адамдарға жеке фотосуреттерді жіберудің ықтимал қауіп-қатерлерін көрсету. •Интернеттегі қауіпсіздік ережелерін үйрету және саналы әрекет етуге дағдыландыру. | |
Қауіпсіздік сабағының міндеті: | Балаларды жеке ақпарат пен фотосуреттердің құпиялылығын сақтауға үйрету. Бейтаныс адамдарға жеке сурет жіберудің қауіптілігін түсіндіру. Интернеттегі алаяқтық пен қоқан-лоққыдан сақтандыру. | |
Құндылықтарды дарыту: | ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ:Қазақстанның тарихын,мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну; | |
Апта дәйексөзі: | «Еңбек – адамның айнасы, тірліктің алтын негізі.» | |
Сынып сағатының барысы:
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Сынып сағатының басы: 10 мин | ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады 1.Ұйымдастыру кезеңі: (3мин) Сәлемдесу, сыныпты топқа бөлу («Еңбек», «Береке», «Тірлік» сөздері арқылы). Психологиялық ахуал: «Жылы лебіз» ойыны – әр оқушы еңбек туралы жақсы тілек айтады. ІІ. Кіріспе бөлім: (7мин) Мұғалім кіріспе сөз айтады: «Адамды адам еткен – еңбек. Адам өзінің еңбегімен, маңдай терімен өмір сүреді. Бүгін біз еңбектің қадірі мен жемісі туралы ой бөлісеміз». «Еңбек түбі – береке» бейнеролик көрсету. | Оқушылар әнұран орындайды. Оқушылар топқа бөлінеді Жұдырық түйістіру арқылы бір-біріне еңбек туралы жақсы тілек айтады. Бейнеролик көреді. | Көңілді әуен |
Сынып сағатының ортасы 20 | ІІІ. Негізгі бөлім (13мин) 1. Ой қозғау Сұрақ: «Сендер еңбектің жемісін қайдан көрдіңдер?» «Мақалды жалғастыр» ойыны: Еңбек – _ (қорған). Еңбексіз өмір – _ (сіз өмір). Бақыт кілті – _ (еңбекте). 2. Топтық жұмыс «Еңбектің адам өміріндегі маңызы» тақырыбында постер жасау. Әр топ қорғайды. 3. Шығармашылық тапсырма «Мен еңбекқормын, өйткені...» деген тақырыпта қысқаша әңгіме/эссе. Қолөнер немесе сурет арқылы еңбекке байланысты өз ойларын жеткізу. 4. Әңгіме-дискуссия «Еңбекпен келген табыс пен оңай жолмен келген табыстың айырмашылығы неде?» талқылау. IV. Қорытынды (7 мин) «Еңбек түбі – береке» тақырыбы бойынша түйін жасау. «Еңбексіз – өмір жоқ» деген қорытындыға келу. Рефлексия: «Еңбек маған не береді?» стикерге жазып тақтаға іледі. | Оқушылардың пікірлерін тыңдауу Оқушылар тапсырмаларды орындайды Әр топ өз жұмысын қорғайды. Оқушылар сұраққа жауап береді | Ақ қағаз, фломастерлер Тақырыптық слайдтар мен суреттер. Презентация немесе бейнеролик Постер жасауға арналған құралдар |
Қауіпсіздік сабағы 10 мин | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру Психологиялық дайындық: «Интернет – пайдалы ма, қауіпті ме?» атты қысқа талқылау. Оқушыларға сұрақтар «Сізге бейтаныс адамдар әлеуметтік желіде жазған кездер болды ма?» «Сіз өзіңіздің жеке фотосуреттеріңізді кімдерге жібересіз?» Тақырыпты таныстыру: Мұғалім бүгінгі сабақтың маңызын түсіндіріп, жеке фотосуреттерді тарату қандай қауіп төндіретінін қысқаша айтып өтеді. Негізгі бөлім 1. Бейтаныс адамдарға фотосуреттерді жіберудің негізгі қауіптері: Фотоларды теріс мақсатта пайдалану (бопсалау, монтаждау, тарату). Жеке деректердің таралуы (орналасқан жері, отбасылық ақпарат). Кибербуллинг қаупі (интернеттегі қорқыту және мазақ ету). Фишинг және алаяқтық (жеке ақпаратты алу үшін фотоларды пайдалану). 2. Жеке ақпаратты қорғау ережелері: Бейтаныс адамдарға фотосуреттерді мүлдем жібермеу. Әлеуметтік желілерде құпиялылық баптауларын дұрыс орнату. Тек сенімді адамдармен фотосуреттер бөлісу. Күмәнді аккаунттармен байланыс жасамау. Егер фотосуретіңіз рұқсатсыз тараса, ата-анаңызға немесе мұғалімге хабарлау. 3. Интернеттегі қауіпсіздік бойынша әрекет ету алгоритмі: 1. Фотосурет жібермес бұрын ойланыңыз: Бұл сурет сізге немесе отбасыңызға зиян келтіруі мүмкін бе? 2. Бейтаныс адамның кім екенін анықтаңыз: Бұл адамды шынайы өмірде танисыз ба? 3. Жеке деректеріңізді қорғаңыз: Суретте жеке ақпарат көрініп тұр ма? 4. Күмәнді жағдайда ата-анаңызбен немесе мұғаліммен кеңесіңіз. Топтық жұмыс: 1-топ: «Қауіпсіздік ережелері» – жеке фотосуреттерді қорғаудың негізгі қағидаларын құрастырады. 2-топ: «Ситуациялық шешім» – Мұғалім берілген жағдайларды ұсынады, оқушылар оны қалай шешу керектігін талқылайды. 3-топ: «Интернеттегі қауіпсіздік» – әлеуметтік желілердегі қауіптерді сипаттап, олардан сақтану жолдарын ұсынады. Ситуациялық тапсырмалар: Мұғалім оқушыларға нақты өмірдегі оқиғаларды сипаттайды, олар қалай әрекет ету керектігін талқылайды. «Дұрыс-бұрыс» ойыны – мұғалім қауіпсіздікке қатысты бірнеше тұжырым оқиды, оқушылар олардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтайды. Қорытынды бөлім 1. Рефлексия: «Мен бүгін үйрендім...» әдісі – оқушылар сабақтан алған негізгі ойларын айтады. 2. Қорытындылау: Мұғалім фотосуреттер мен жеке ақпараттың интернетте таралуы болашақта үлкен қиындықтар тудыруы мүмкін екенін ескертеді. | Оқушылардың тыңдау. Сұрақтарға жауап береді Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді. Әр оқушы шешімдерін қорғап, түсіндіреді. Оқушылар сұрақтарға жауап береді Әр топ өз жұмысын постер түрінде дайындап, қорғайды. | Презентация Түрлі ойыншықтар (қуыршақ, машина, жұмсақ ойыншықтар, конструктор т.б.) Тақырыптық слайдтар. Құпия сөз жасауға арналған нұсқаулық парақшалар Тақырыптық бейнероликтер. |
Сабақтың соңы 5 мин | Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін . Үйге: «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сурет салу. | Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру