9 сынып Еңбек ҚМЖ
Сынып сағаты | № 4 | |
Сынып жетекші: | ||
Күні: | 22.09.2025 | |
Сынып: 9 | Қатысқаны: Қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | «Еңбек түбі береке» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 4-сабақ «Ата -аналарға деген сенім өмірде маңызды шешімдер қабылдауға қалай әсер етеді» | |
Сынып сағатының мақсаты: | •Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру; •Еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, адал еңбектің нәтижесін бағалауға тәрбиелеу; •Еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатынын түсіндіру. | |
Қауіпсіздік сабағының мақсаты: | •Оқушыларға ата-аналарға деген сенімнің маңызын түсіндіру. •Отбасымен ашық қарым-қатынас жасаудың өмірлік шешімдерге әсерін көрсету. •Ата-ана мен бала арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған тәсілдерді үйрету. | |
Қауіпсіздік сабағының міндеті: | •Балаларды ата-анамен сенімді қарым-қатынастың маңызын түсіндіру. Қиын жағдайда ата-анаға жүгінудің қауіпсіздік пен дұрыс шешім қабылдауға әсерін көрсету.Оқушыларды ашық сөйлесуге, ойы мен сезімін еркін жеткізуге тәрбиелеу. | |
Құндылықтарды дарыту: | ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ:Қазақстанның тарихын,мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну; | |
Апта дәйексөзі: | «Еңбек – адамның айнасы, тірліктің алтын негізі.» | |
Сынып сағатының барысы:
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Сынып сағатының басы: 10 мин | ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады 1.Ұйымдастыру кезеңі: (3мин) Сәлемдесу, сыныпты топқа бөлу («Еңбек», «Береке», «Тірлік» сөздері арқылы). Психологиялық ахуал: «Жылы лебіз» ойыны – әр оқушы еңбек туралы жақсы тілек айтады. ІІ. Кіріспе бөлім: (7мин) Мұғалім кіріспе сөз айтады: «Адамды адам еткен – еңбек. Адам өзінің еңбегімен, маңдай терімен өмір сүреді. Бүгін біз еңбектің қадірі мен жемісі туралы ой бөлісеміз». «Еңбек түбі – береке» бейнеролик көрсету. | Оқушылар әнұран орындайды. Оқушылар топқа бөлінеді Жұдырық түйістіру арқылы бір-біріне еңбек туралы жақсы тілек айтады. Бейнеролик көреді. | Көңілді әуен |
Сынып сағатының ортасы 20 | ІІІ. Негізгі бөлім (13мин) 1. Ой қозғау Сұрақ: «Сендер еңбектің жемісін қайдан көрдіңдер?» «Мақалды жалғастыр» ойыны: Еңбек – _ (қорған). Еңбексіз өмір – _ (сіз өмір). Бақыт кілті – _ (еңбекте). 2. Топтық жұмыс «Еңбектің адам өміріндегі маңызы» тақырыбында постер жасау. Әр топ қорғайды. 3. Шығармашылық тапсырма «Мен еңбекқормын, өйткені...» деген тақырыпта қысқаша әңгіме/эссе. Қолөнер немесе сурет арқылы еңбекке байланысты өз ойларын жеткізу. 4. Әңгіме-дискуссия «Еңбекпен келген табыс пен оңай жолмен келген табыстың айырмашылығы неде?» талқылау. IV. Қорытынды (7 мин) «Еңбек түбі – береке» тақырыбы бойынша түйін жасау. «Еңбексіз – өмір жоқ» деген қорытындыға келу. Рефлексия: «Еңбек маған не береді?» стикерге жазып тақтаға іледі. | Оқушылардың пікірлерін тыңдауу Оқушылар тапсырмаларды орындайды Әр топ өз жұмысын қорғайды. Оқушылар сұраққа жауап береді | Ақ қағаз, фломастерлер Тақырыптық слайдтар мен суреттер. Презентация немесе бейнеролик Постер жасауға арналған құралдар |
Қауіпсіздік сабағы 10 мин | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру Психологиялық дайындық: «Отбасы – сенім мен қауіпсіздіктің тірегі» атты қысқа мотивациялық әңгіме. Оқушыларға сұрақтар: «Сіз ата-анаңызға қаншалықты сенесіз?» «Маңызды шешім қабылдағанда кімнен кеңес сұрайсыз?» Тақырыпты таныстыру: Мұғалім сабақтың тақырыбын жариялап, отбасы сенімінің бала өміріндегі рөлін түсіндіреді. Негізгі бөлім 1. Ата-аналарға сенімнің маңызы: Отбасы – баланың ең сенімді ортасы. Сенімді қарым-қатынас балаға эмоционалдық қолдау береді. Ата-аналар өмірлік тәжірибесі арқылы дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Ата-анаға сену – баланың өзін қауіпсіз сезінуіне ықпал етеді. 2. Ата-анамен дұрыс қарым-қатынас орнату жолдары: Ашық сөйлесу және ой-пікірмен бөлісу. Қиындық туындағанда жасырып қалмау. Ата-ананың кеңесін тыңдау және құрметтеу. Өз сезімдері мен ойларын сыпайы жеткізу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру Психологиялық дайындық: «Отбасы – сенім мен қауіпсіздіктің тірегі» атты қысқа мотивациялық әңгіме. Оқушыларға сұрақтар: «Сіз ата-анаңызға қаншалықты сенесіз?» «Маңызды шешім қабылдағанда кімнен кеңес сұрайсыз?» Тақырыпты таныстыру: Мұғалім сабақтың тақырыбын жариялап, отбасы сенімінің бала өміріндегі рөлін түсіндіреді. Негізгі бөлім 1. Ата-аналарға сенімнің маңызы: Отбасы – баланың ең сенімді ортасы. Сенімді қарым-қатынас балаға эмоционалдық қолдау береді. Ата-аналар өмірлік тәжірибесі арқылы дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Ата-анаға сену – баланың өзін қауіпсіз сезінуіне ықпал етеді. 2. Ата-анамен дұрыс қарым-қатынас орнату жолдары: Ашық сөйлесу және ой-пікірмен бөлісу. Қиындық туындағанда жасырып қалмау. Ата-ананың кеңесін тыңдау және құрметтеу. Өз сезімдері мен ойларын сыпайы жеткізу. 3. Маңызды шешімдерді қабылдауда ата-анамен кеңесудің пайдасы: Дұрыс бағыт алу. Қателіктерден сақтану. Эмоционалдық қолдау алу. Болашаққа сенімді болу. Топтық жұмыс: 1-топ: «Сенім көпірі» – ата-ана мен бала арасындағы сенімді нығайту жолдарын ұсынады. 2-топ: «Отбасылық кеңес» – өмірде кездесетін маңызды шешімдерді талқылап, ата-ананың көмегін көрсетеді. 3-топ: «Қиын жағдайдан шығу» – отбасымен сенімді қарым-қатынас болмаған жағдайда қандай қиындықтар туындауы мүмкін екенін сипаттайды. Ситуациялық тапсырмалар: Мұғалім оқушыларға әртүрлі өмірлік жағдайларды ұсынады, олар ата-анамен кеңесу арқылы шешім табу жолдарын талқылайды. «Дұрыс-бұрыс» ойыны – ата-анамен қарым-қатынасқа байланысты бірнеше тұжырым оқылады, оқушылар олардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтайды. Қорытынды бөлім 1. Рефлексия: «Мен түсіндім...» әдісі – оқушылар сабақтан алған негізгі ойларын айтады. 2. Қорытындылау: Мұғалім ата-аналарға деген сенімнің бала өміріндегі маңызын тағы бір рет атап өтеді. | Оқушылардың тыңдау. Сұрақтарға жауап береді Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді. Әр оқушы шешімдерін қорғап, түсіндіреді. Оқушылар сұрақтарға жауап береді Әр топ өз жұмысын постер түрінде дайындап, қорғайды. | Презентация Түрлі ойыншықтар (қуыршақ, машина, жұмсақ ойыншықтар, конструктор т.б.) Тақырыптық слайдтар. Құпия сөз жасауға арналған нұсқаулық парақшалар Тақырыптық бейнероликтер. |
Сабақтың соңы 5 мин | Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін . Үйге: «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сурет салу. | Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру