5 сынып Еңбек ҚМЖ


Сынып сағаты

№ 4

Сынып жетекші:

Күні:

22.09.2025

Сынып: 5

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

«Еңбек түбі береке»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

№ 4-сабақ

«Қақтығыс жағдайындағы қарапайым»

Сынып сағатының мақсаты:

•Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

•Еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, адал еңбектің нәтижесін бағалауға тәрбиелеу;

•Еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатынын түсіндіру.

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

• Оқушыларға қақтығыс (жанжал) жағдайында өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру.

• Қауіпсіздікті сақтау және жанжалдан шығудың дұрыс жолдарын үйрету.

• Байсалдылыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағының міндеті:

Балаларды қақтығыс жағдайында өзін-өзі дұрыс ұстай білуге үйрету. Қиындықты күш қолданбай, бейбіт жолмен шешуге тәрбиелеу. Өз ойы мен сезімін дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру. Өзгені тыңдауға, сабырлы болуға және ымыраға келуге үйрету.

Құндылықтарды дарыту:

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ:Қазақстанның тарихын,мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Апта дәйексөзі:

«Еңбек – адамның айнасы, тірліктің алтын негізі.»

Сынып сағатының барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сынып сағатының басы:

10 мин

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады

1.Ұйымдастыру кезеңі: (3мин)

Сәлемдесу, сыныпты топқа бөлу («Еңбек», «Береке», «Тірлік» сөздері арқылы).

Психологиялық ахуал: «Жылы лебіз» ойыны – әр оқушы еңбек туралы жақсы тілек айтады.

ІІ. Кіріспе бөлім: (7мин)

Мұғалім кіріспе сөз айтады:

«Адамды адам еткен – еңбек. Адам өзінің еңбегімен, маңдай терімен өмір сүреді. Бүгін біз еңбектің қадірі мен жемісі туралы ой бөлісеміз».

«Еңбек түбі – береке» бейнеролик көрсету.

Оқушылар әнұран орындайды.

Оқушылар топқа бөлінеді

Жұдырық түйістіру арқылы бір-біріне еңбек туралы жақсы тілек айтады.

Бейнеролик көреді.

Көңілді әуен

Сынып сағатының ортасы

20

ІІІ. Негізгі бөлім (13мин)

1. Ой қозғау

Сұрақ: «Сендер еңбектің жемісін қайдан көрдіңдер?»

«Мақалды жалғастыр» ойыны:

Еңбек – _ (қорған).

Еңбексіз өмір – _ (сіз өмір).

Бақыт кілті – _ (еңбекте).

2. Топтық жұмыс

«Еңбектің адам өміріндегі маңызы» тақырыбында постер жасау.

Әр топ қорғайды.

3. Шығармашылық тапсырма

«Мен еңбекқормын, өйткені...» деген тақырыпта қысқаша әңгіме/эссе.

Қолөнер немесе сурет арқылы еңбекке байланысты өз ойларын жеткізу.

4. Әңгіме-дискуссия

«Еңбекпен келген табыс пен оңай жолмен келген табыстың айырмашылығы неде?» талқылау.

IV. Қорытынды (7 мин)

«Еңбек түбі – береке» тақырыбы бойынша түйін жасау.

«Еңбексіз – өмір жоқ» деген қорытындыға келу.

Рефлексия: «Еңбек маған не береді?» стикерге жазып тақтаға іледі.

Оқушылардың пікірлерін тыңдауу

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Әр топ өз жұмысын қорғайды.

Оқушылар сұраққа жауап береді

Ақ қағаз, фломастерлер

Тақырыптық слайдтар мен суреттер.

Презентация немесе бейнеролик

Постер жасауға арналған құралдар

Қауіпсіздік сабағы

10 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

«Сабыр түбі – сары алтын» атты қысқа мотивациялық әңгіме.

Сұрақ:

«Қақтығыс деген не?»

«Қақтығыстар неге пайда болады?»

Тақырыпты таныстыру:

Мұғалім бүгінгі сабақтың маңызын түсіндіреді.

Қақтығыстардың түрлері (ауызша дау, физикалық жанжал, топтық келіспеушілік және т.б.).

Негізгі бөлім

1. Түсіндіру жұмысы:

Қақтығыс жағдайындағы қауіпсіздік ережелері:

1. Эмоцияға берілмеу, сабыр сақтау.

2. Дау-жанжал туындаған жағдайда агрессия көрсетпеу.

3. Дауласып жатқан адамдардан алшақтау.

4. Қажет болған жағдайда ересектерден көмек сұрау.

5. Өзін қорғау әдістерін білу (бөгде адамдармен жанжалға түспеу, қауіп туындағанда қашықтау).

6. Егер қақтығыс зорлық-зомбылыққа ұласса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлау.

Топтық жұмыс:

1-топ: «Қақтығысты шешу жолдары» – Жанжалды бейбіт жолмен шешу әдістерін жазады.

2-топ: «Ситуациядан шығу» – Қақтығыс кезінде өзін қалай ұстау керектігін рөлдік ойын арқылы көрсетеді.

3-топ: «Сабырлық күші» – Қақтығысқа түспеу үшін қандай әрекеттер жасау керектігін анықтайды.

3. Ситуациялық тапсырмалар:

Мұғалім әртүрлі қақтығыс жағдайларын сипаттап береді, оқушылар оны қалай шешуге болатынын талқылайды.

«Дұрыс-бұрыс» ойыны – Мұғалім жанжал кезіндегі әрекеттерді оқиды, оқушылар олардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтайды.

Қорытынды бөлім

1. Рефлексия:

«Мен бүгін үйрендім...» әдісі – оқушылар сабақтан алған негізгі ойларын айтады.

2. Қорытындылау:

Мұғалім сабақты түйіндеп, қақтығыс кезінде өзін-өзі ұстаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салады.

Оқушылардың тыңдау.

Сұрақтарға жауап береді

Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді.

Әр оқушы шешімдерін қорғап, түсіндіреді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Әр топ өз жұмысын постер түрінде дайындап, қорғайды.

Презентация

Түрлі ойыншықтар (қуыршақ, машина, жұмсақ ойыншықтар, конструктор т.б.)

Тақырыптық слайдтар.

Құпия сөз жасауға арналған нұсқаулық парақшалар

Тақырыптық бейнероликтер.

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін .

Үйге: «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сурет салу.

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу