1 сынып - 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні «Өмірге салауатты қадам»


Сынып жетекші:

Күні:

07.04.2025

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы:

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

«Өмірге салауатты қадам»

«Ата –аналармен құпия сөз»

Мақсаты

 Оқушыларға денсаулықтың маңызын түсіндіру

Салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру

Дұрыс тамақтану, спорт және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы білім беру

Оқушыларға құпия сөздердің маңызын түсіндіру

Ата-аналармен ортақ қауіпсіздік кодын белгілеу қажеттігін ұғындыру

Жеке ақпаратты қорғау және интернетте қауіпсіздік сақтау дағдыларын дамыту

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу:

Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!

«Жылы сөздер шеңбері» ойыны: Оқушылар бір-біріне жақсы сөздер мен тілек айтады.

Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді

Көңілді әуен

Сабақтың ортасы

«Денсаулық» сөзіне ассоциация жазу (оқушылар ойларын айтады)

Кіріспе бөлім

1. Дүниежүзілік денсаулық күні туралы ақпарат

Бұл күн 1948 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасымен атап өтіледі

Әр жыл сайын денсаулыққа байланысты түрлі мәселелер көтеріліп, шаралар ұйымдастырылады

Денсаулық – адамның ең басты байлығы

Талқылау сұрақтары:

 «Салауатты өмір салты» дегеніміз не?

Денсаулығымызды жақсарту үшін не істеу керек?

Сенің күнделікті әдеттерің денсаулығыңа қалай әсер етеді?

Негізгі бөлім

1. «Денсаулық баспалдақтары» интерактивті тапсырма

Оқушылар денсаулыққа пайдалы және зиянды әдеттерді ажыратып, «пайдалы әдеттер» баспалдағына орналастырады

2. «Өмірге салауатты қадам» топтық жұмыс

Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша постер жасайды:

Дұрыс тамақтану

Дене белсенділігі

Зиянды әдеттерден бас тарту

Жеке тазалық

Әр топ өз жұмыстарын таныстырады

3. «Денсаулық бұрышы» жаттығуы

Оқушылар қарапайым жаттығулар орындайды (дене созу, тыныс алу жаттығулары)

Оқушылардың пікірлерін тыңдауу

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Әр топ өз жұмысын қорғайды.

Оқушылар сұраққа жауап береді

Мадақтама сөздер айту

Оқушылардың жұмысын мадақтау, белсенді қатысқан оқушыларды атап өту.

Ақ қағаз, фломастерлер

Доп, сурет салу құралдары, түрлі түсті қағаздар

Тақырыптық слайдтар мен суреттер.

Алғыс айту туралы нақыл сөздер

Презентация немесе бейнеролик

Постер жасауға арналған құралдар

Сабақтың соңы

Қорытындылау

Сабақтың негізгі ойларын қайталау

«Менің салауатты өмір салтыма 3 қадам» (оқушылар өз жоспарларын құрады)

Үй тапсырмасы: Отбасымен бірге денсаулыққа пайдалы бір әдетті енгізу және күнделік жүргізу

Өз ойларын жазады

Ақ қағаз

Қауіпсіздік сабағы

10 мин

«Құпия сөз дегеніміз не?» тақырыбында шағын пікірталас

Оқушыларға «Сен қандай құпия сөз қолданасың?» деген сұрақ қойып, оларды ойландыру

Кіріспе бөлім

1. Құпия сөз және оның маңызы

Құпия сөз – жеке деректерді қорғаудың негізгі жолы

Интернеттегі қауіптер (хакерлік шабуылдар, алаяқтар, фишинг)

Отбасылық қауіпсіздік үшін ортақ құпия сөз белгілеу маңыздылығы

2. Талқылау сұрақтары:

Құпия сөздер не үшін қажет?

Қауіпсіз құпия сөз қалай жасалады?

Ортақ құпия сөз отбасы мүшелерін қалай қорғайды?

Негізгі бөлім

1. «Қауіпсіз құпия сөз жасау» интерактивті тапсырмасы

Оқушыларға әлсіз және күшті құпия сөздердің мысалдары беріледі

Олар өз құпия сөздерінің қаншалықты қауіпсіз екенін бағалайды

2. «Отбасылық қауіпсіздік коды» жаттығуы

Оқушылар ата-аналарымен ортақ құпия сөз ойластырып, оны қолдану жағдайларын анықтайды

Құпия сөзді қайда және қашан қолдану керектігі талқыланады (бейтаныс адамдармен сөйлескенде, қауіпті жағдайларда т.б.)

3. «Интернеттегі қауіпсіздік» постер жасау

Әр топ интернетте қауіпсіздік сақтау бойынша кеңестер дайындайды және таныстырады

Қорытындылау

Сабақтың негізгі ойларын қайталау

«Менің интернеттегі қауіпсіздік ережем» жеке жұмыс

Үй тапсырмасы: Ата-аналармен бірге құпия сөз белгілеп, оны қайда қолдануға болатынын талқылау

Оқушылардың тыңдау.

Сұрақтарға жауап береді

Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді.

Әр оқушы шешімдерін қорғап, түсіндіреді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Әр топ өз жұмысын постер түрінде дайындап, қорғайды.

Мадақтама сөздер айту

Мадақтама сөздер айту

Мадақтама сөздер айту

Презентация

Түрлі ойыншықтар (қуыршақ, машина, жұмсақ ойыншықтар, конструктор т.б.)

Тақырыптық слайдтар.

Құпия сөз жасауға арналған нұсқаулық парақшалар

Тақырыптық бейнероликтер.

Төтенше қызмет нөмірлері жазылған плакаттар.

Рөлдік ойындарға арналған сценарийлер.

Сабақтың соңы

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін .

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу