2 сынып 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні «Өмірге салауатты қадам»
Сынып жетекші: | ||
Күні: | 07.04.2025 | |
Сынып: 2 | ||
Сабақтың тақырыбы: | 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні «Өмірге салауатты қадам»
«Егер жабайы жануарларды кездестірсем не істеймін» | |
Мақсаты | Оқушыларға денсаулықтың маңызын түсіндіру Салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру Дұрыс тамақтану, спорт және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы білім беру Егер жабайы жануарларды кездестірсем, не істеймін? Мақсаттары: Оқушыларға жабайы жануарлармен кездескенде қауіпсіздік ережелерін үйрету Қорқынышсыз және дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Сәлемдесу: Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын! Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет! | Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді. | Көңілді әуен | |
Сабақтың ортасы | «Денсаулық» сөзіне ассоциация жазу (оқушылар ойларын айтады) Кіріспе бөлім 1. Дүниежүзілік денсаулық күні туралы ақпарат Бұл күн 1948 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасымен атап өтіледі Әр жыл сайын денсаулыққа байланысты түрлі мәселелер көтеріліп, шаралар ұйымдастырылады Денсаулық – адамның ең басты байлығы Талқылау сұрақтары: «Салауатты өмір салты» дегеніміз не? Денсаулығымызды жақсарту үшін не істеу керек? Сенің күнделікті әдеттерің денсаулығыңа қалай әсер етеді? Негізгі бөлім 1. «Денсаулық баспалдақтары» интерактивті тапсырма Оқушылар денсаулыққа пайдалы және зиянды әдеттерді ажыратып, «пайдалы әдеттер» баспалдағына орналастырады 2. «Өмірге салауатты қадам» топтық жұмыс Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша постер жасайды: Дұрыс тамақтану Дене белсенділігі Зиянды әдеттерден бас тарту Жеке тазалық Әр топ өз жұмыстарын таныстырады 3. «Денсаулық бұрышы» жаттығуы Оқушылар қарапайым жаттығулар орындайды (дене созу, тыныс алу жаттығулары) | Оқушылар сұрақтарға жауап береді Оқушылар сұраққа жауап береді Оқушылар тапсырмаларды орындайды Оқушылар сұраққа жауап береді | Мадақтама сөздер айту Мадақтама сөздер айту Мадақтама сөздер айту | Ақ қағаз, фломастерлер |
Сабақтың соңы | Қорытындылау Сабақтың негізгі ойларын қайталау «Менің салауатты өмір салтыма 3 қадам» (оқушылар өз жоспарларын құрады) Үй тапсырмасы: Отбасымен бірге денсаулыққа пайдалы бір әдетті енгізу және күнделік жүргізу | Өз ойларын жазады | Ақ қағаз | |
Қауіпсіздік сабағы 10 мин | Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру. «Жабайы жануарлар» сөзіне ассоциация жасау (оқушылар өз ойларын ортаға салады) «Егер орманда жалғыз қалсаң, не істер едің?» сұрағы арқылы сабаққа қызығушылық ояту Кіріспе бөлім 1. Жабайы жануарлар және олардың тіршілік ету ортасы Қандай жануарлар жабайы болып саналады? Олар қайда тіршілік етеді және адамдарға қандай жағдайда қауіпті болуы мүмкін? 2. Талқылау сұрақтары: Орманда немесе далада қандай жабайы жануарлар кездесуі мүмкін? Сен олардың бірін кездестірсең, қандай әрекет жасайсың? Негізгі бөлім 1. «Қауіпті және қауіпсіз жағдайларды ажырату» тапсырмасы Оқушыларға түрлі жағдайлар ұсынылады (мысалы, аюды көру, түлкімен кездесу, жылан байқап қалу) Әр жағдай бойынша дұрыс және қате әрекеттерді талқылау 2. «Қауіпсіздік ережелері» постер жасау Әр топ белгілі бір жануар түрін алып, онымен кездескенде не істеу керектігі туралы постер жасайды 3. Дұрыс әрекет ету алгоритмі Егер аюды көрсең – қашпа, жайлап шегін Егер қасқырды көрсең – көз байланысын үзбей, баяу қозғал Егер жылан байқасаң – орныңда тұр, оны мазалама Егер түлкі, борсық, кірпі кездестірсең – оларды ұстауға тырыспау Қорытындылау Сабақтың негізгі ойларын қайталау «Мен жабайы жануарларды кездестірсем…» деген сөйлемді аяқтау Үй тапсырмасы: Отбасы мүшелерімен бірге жабайы жануарлар туралы зерттеу жүргізу және олармен кездесу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін талқылау | Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады. Оқушылар мұқият тыңдайды Тапсырманы орындайды Әр топ постер жасап, өз ойларын сыныпқа таныстырады. Оқушылар өз шешімдерін ұсынады. Топтар өз жұмыстарын таныстырады | Мадақтама сөздер айту Мадақтама сөздер айту Мадақтама сөздер айту Мадақтама сөздер айту | Презентация Тақырыптық бейнероликтер. Ережелер жазылған постерлер. Постер және маркерлер |
Сабақтың соңы | Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін . | Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі. | Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды