4 сынып - 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні «Өмірге салауатты қадам»
Сынып жетекші: | ||
Күні: | 07.04.2025 | |
Сынып: 4 | ||
Сабақтың тақырыбы: | 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні «Өмірге салауатты қадам» «Табиғат аясындағы демалысқа қалай дайындалу керек?» | |
Мақсаты | Оқушыларға денсаулықтың маңызын түсіндіру Салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру Дұрыс тамақтану, спорт және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы білім беру Оқушыларға табиғаттағы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін үйрету Жабайы табиғатта кездесетін қауіп-қатерлерді түсіндіру Дұрыс дайындалу мен сақтық шараларын меңгерту |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Сәлемдесу: Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын! Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет! | Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді. | Көңілді әуен | |
Сабақтың ортасы |
«Денсаулық» сөзіне ассоциация жазу (оқушылар ойларын айтады) Кіріспе бөлім 1. Дүниежүзілік денсаулық күні туралы ақпарат Бұл күн 1948 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасымен атап өтіледі Әр жыл сайын денсаулыққа байланысты түрлі мәселелер көтеріліп, шаралар ұйымдастырылады Денсаулық – адамның ең басты байлығы Талқылау сұрақтары: «Салауатты өмір салты» дегеніміз не? Денсаулығымызды жақсарту үшін не істеу керек? Сенің күнделікті әдеттерің денсаулығыңа қалай әсер етеді? Негізгі бөлім 1. «Денсаулық баспалдақтары» интерактивті тапсырма Оқушылар денсаулыққа пайдалы және зиянды әдеттерді ажыратып, «пайдалы әдеттер» баспалдағына орналастырады 2. «Өмірге салауатты қадам» топтық жұмыс Әр топ өзіне берілген тақырып бойынша постер жасайды: Дұрыс тамақтану Дене белсенділігі Зиянды әдеттерден бас тарту Жеке тазалық Әр топ өз жұмыстарын таныстырады 3. «Денсаулық бұрышы» жаттығуы Оқушылар қарапайым жаттығулар орындайды (дене созу, тыныс алу жаттығулары) | Оқушылар сұрақтарға жауап береді Оқушылар сурет салып, тапсырмаларды орындайды. | Оқушылар бірін -бірі бағалайды Оқушылардың жұмысын мадақтау, белсенді қатысқан оқушыларды атап өту. | Ақ қағаз, фломастерлер Тақырыптық слайдтар мен суреттер. Қағаз, маркерлер, түсті қаламдар; |
Сабақтың соңы | Қорытындылау Сабақтың негізгі ойларын қайталау «Менің салауатты өмір салтыма 3 қадам» (оқушылар өз жоспарларын құрады) Үй тапсырмасы: Отбасымен бірге денсаулыққа пайдалы бір әдетті енгізу және күнделік жүргізу | Оқушыларға сыйлықтар тарату | Ақ қағаз | |
Қауіпсіздік сабағы 10 мин | Сабақтың тақырыбын және мақсатын таныстыру «Сен табиғатқа шыққанда өзіңмен бірге не аласың?» деген сұраққа жауап беру Оқушылар табиғат аясындағы демалыс туралы ой бөліседі Кіріспе бөлім 1. Табиғаттағы демалыстың маңызы Таза ауада демалудың денсаулыққа пайдасы Табиғатты қорғау және оны ластамау ережелері 2. Талқылау сұрақтары: Табиғатта қандай қауіптер болуы мүмкін? Далада немесе орманда адасып кетсең не істеу керек? Жануарлармен немесе улы өсімдіктермен кездессең қандай әрекет жасайсың? Негізгі бөлім 1. «Қауіпсіздік ережелері» интерактивті тапсырмасы Оқушыларға табиғат аясында кездесетін түрлі жағдайлар беріледі (мысалы, күннің қатты ысуы, жылан шағу қаупі, өзенге түсу, от жағу, орманда адасу) Әр жағдай бойынша дұрыс әрекетті талқылайды 2. «Демалысқа дайындық» практикалық тапсырмасы Оқушылар табиғатқа шығу үшін қажетті заттар тізімін құрастырады: Далаға немесе орманға шығуға қажетті киім Алғашқы көмек қобдишасы Компас, карта, шам, пышақ, сіріңке Суға төзімді киім және аяқ киім 3. «Төтенше жағдайлар» постер жасау Әр топ табиғаттағы қауіп-қатерлер және олардан қорғану жолдары туралы постер жасап, таныстырады Қорытындылау Сабақтың негізгі ойларын қайталау «Менің қауіпсіздік ережем» атты шағын жоспар жасау Үй тапсырмасы: Отбасыңмен бірге табиғатқа шығу жоспарын құрып, қауіпсіздік шараларын талқылау | Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты түсінеді. Оқушылар жұмыс орындайды Оқушылар сұрақтарды талқылайды Оқушылар өз ойларын бөліседі. Топтық тапсырмаларды орындайды | Презентация Жазбаша нұсқаулықтар, қауіпсіздік ережелері жазылған плакаттар. Қауіпті жағдайлар бейнеленген суреттер немесе бейнеролик көрсету. Көрнекіліктер (суреттер, бейнеролик Слайдтар мен бейнероликтер Қауіпсіздік ережелері жазылған плакаттар. Қаңғыбас иттер туралы суреттер, бейнероликтер. Ситуациялық тапсырмалар мен ойындар. | |
Сабақтың соңы | Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін . | Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі. | Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды