Мұсабек Байзақұлы (Сүйгенімді сағындым)

 Мұсабек Байзақұлы (Сүйгенімді сағындым)

Сүйгенімді сағынып,
Сарғайдым қатып сабандай.
Сағынсамда көруге,
Амалым тұрмын таба алмай.
Көңілді ашар дидиарын,
Көктемгі бахар самалдай.
Ішінді өртеп ғашықтық,
Алып тұр сабыр, қарарды-ай.
Жаткізер заман бар ма екен,
Асыл затым сағанда-ай?
Ғашықтық жаман өрте екен,
Жандырды менің ішімді,
Көрсетер ме екен құдайым,
Сүйікті сіздей кісімді,
Суретің асқан жаһаннан,
Періште хорлар пішінді.
Раушан қылар дүниені,
Ыржиып ашсаң тісіңді,
Жатсам тұрсам ойымда,
Көңілімнен кетпейсің,
Ғашықтық отын сөндіріп,
Халіме рақым етпейсің.
Мен бір сұңқар шүйілген,
Сүйіктім сен бір жектейсің.
Мейірімімді қандырып,
Төсіңнен тоят еткейсің.
Жаһаннан асқан суретің,
Перінің қызы секілді.
Толқып шыққан күнбе дер,
Ажарлы көрік бетіңді.
Әтірмен жұпар аңқиды,
Тарқатсаң өрген кекілді.
Аймалап сипар күн қайда,
Қардан аппақ етіңді?
Айта алмай жүрмін арманда,
Жолығып ішкі дертімді.
Ауыздан шыққан лебізін,
Есіткен жанды мас қылар.
Есіме түссең ынтығым,
Күннен- күнге асқынар.
Білдірер саған амал жоқ,
Мөлтілдеп көзде жас тұрар.
Жолықтырып құдайым,
Аурудан қашан бастырар.
Сағынғанның салдары,
Ойласам балқып сүйегім.
Жолығар заман бар ма екен,
Ойдағы шырын сүйерім?
Әлің калай деймісің,
Асқынды жанып жүрегім.
Біз бір бұлбұл сайраған,
Ашылған сіз бір қызыл гүл.
Тағырыпыңа жете алмай,
Мақтағанмен қызыл тіл.
Жүзіңнен серпіп орамал,
Қараңғы түнді айдын қыл.
Жүрегіме ас батпай,
Ғашықтық дерті қылды зіл.
Өзімді айтып білдірдім,
Не қыласың енді өзің біл.
Ғашықтықтан өртеніп,
Қашанғы күйіп жанамын?
Кейбірде аңсап сағынып,
Ойласам есиен танамын.
Ойдағы болып налуым,
Қай уақытта мейірім қанамын.
Ұйқтасам ойдан шықпайсың,
Ояу болсам көңілде.
Өзім қайда жүрсем де,
Көңілім сенің жөніңде.
Армансыз рекін жолығып,
Тарқар ма шерім менің де?
Көзімнен ғайып болсаң да,
Көңілде тұрсың көлбектеп.
Көз алдымнан кетпейді
Суретің дәйім елбектеп.
Қылығың еске түскенде.
Ашылар көңілім сергектеп.
Сағынғанмен жетуге,
Арада адыр, дөңбек көп.
Ұшқан құстай болар ем,
Сіз жаққа жүрсем бір-бірлеп.
Жүруге әлім келмесе,
Жетер едім еңбектеп.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады