![]() |
|
![]() |
Фариза Оңғарсынова (Келеді еріншек түн)

Келеді еріншек түн.
Жасыл құрақ. Үн де жоқ жағада түк.
Көл мөлдіреп көзіндей келіншектің,
жанарына аспанды паналатып,
керілді айлы нұрда
сүт сәулеге кеудесін жалаңаштап.
Жалтылдаған тайғанақ айдынында-
егіз аққу сырғанап барады асқақ.
Аспанды өртеді үміт,
Жер-сұлуға сұқтанып сол шақтағы.
Айнакөлдің жанары төңкеріліп,
жарқылдайды төсінде моншақтары.
Тына қап жел де жансыз,
сұлулыққа қарайды Ай да жасып.
Екеуіміздей, Аспан мен Жер де амалсыз
көздерімен тұрды тек аймаласып.
Жасыл құрақ. Үн де жоқ жағада түк.
Көл мөлдіреп көзіндей келіншектің,
жанарына аспанды паналатып,
керілді айлы нұрда
сүт сәулеге кеудесін жалаңаштап.
Жалтылдаған тайғанақ айдынында-
егіз аққу сырғанап барады асқақ.
Аспанды өртеді үміт,
Жер-сұлуға сұқтанып сол шақтағы.
Айнакөлдің жанары төңкеріліп,
жарқылдайды төсінде моншақтары.
Тына қап жел де жансыз,
сұлулыққа қарайды Ай да жасып.
Екеуіміздей, Аспан мен Жер де амалсыз
көздерімен тұрды тек аймаласып.
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022
Ілмектер: фариза оңғарсынова Келеді еріншек түн өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Келеді еріншек түн