Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Түн. Құлазыған бейне) » ZHARAR © 2017 | тоқтарәлі таңжарық Түн.Құлазыған бейне өлең стихи на казахском токтарали танжарык казакша олен, тоқтарәлі таңжарық өлеңдері сайты, стихи на казахском языке токтарали танжарык, токтарали танжарык олендери, Түн.Құлазыған бейне




  • »

Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Түн. Құлазыған бейне)

Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Түн. Құлазыған бейне) казакша Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Түн. Құлазыған бейне) на казахском языке

Түн.Құлазыған бейне.
Айнаның жүзінде сағым.
Екеуміз өксиміз кейде,
Еске алып бақидың таңын.

Қиялдың қанаты талса,
Жабылар белгісіз бір есік.
Моладан бүр жарар арша,
Көкілген көлеңкені кешіп.

Шыңғырар шытырман жолдар,
Үнсіздік өксіген сәтте.
Мүлгиді қап-қара орман,
Біз үшін жат енді әттең

Күз бе бұл, яки көктем?
Даланы тұмшалар тұман.
Көмейде талқысып кеткен,
Ешқашан айтылмас бір ән.

Түн.Құлазыған бейне.
Жүзінде ескірген әжім.
...Біз неге өксиміз кейде,
Еске алып бақидың таңын?..


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 118
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .