Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Жазу) » ZHARAR © 2016 | тоқтарәлі таңжарық Жазу өлең стихи на казахском токтарали танжарык казакша олен, тоқтарәлі таңжарық өлеңдері сайты, стихи на казахском языке токтарали танжарык, токтарали танжарык олендери, Жазу




  • »

Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Жазу)

Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Жазу) казакша Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Жазу) на казахском языке

...Жазу көрем мен ылғи нұр балқытқан пішінде,
Аяны ма Алланың жер бетіне түсірген?!
Қарап кейде айнаға жанарымның ішінен,
Сол жазуды көремін үлкейген һәм кішірген.

Жазуы емес Тәураттың, емес мүлде Інжілде...
Отырамын оңаша қиялымда мұң бүрлеп.
Жапырағына жанымның салған шақта жұлдыз дем,
Белгісіз бір әуенде сөйлейді олар күмбірлеп.

Бірақ оны ұғуға рухы жетпей ділімнің,
Күрмеледі тілім дүр.
Ортасынан безініп күбір менен сыбырдың,
Көкке жайып қолымды көкжиекпен жүгірдім...
Сонда балқып Ай туды үрпін сүйіп іңірдің.

Құстарындай бейіштің қанаттары жап - жасыл,
Олар самғап...
Нұр өпкен қауырсынын маздатып.
Шымыр-шымыр қайнаған қасіретімді қоздатып,
Қара түнді сіміріп қарашығыма көз жасым,–
Кебісімді сүйретіп кеттім келмес жаққа бір,
Аяғыма, сонан соң өзіме сор – өз басым...

Маңдайымды сүйгізіп қараңғы мен жарыққа,
Езу тартам сәбидей өз өзімнен шалықтап.
Айғай менен ұраннан сәттерімде талыққан,
Үн жетеді бір мұңлы, үн жетеді тамұқтан.
Сонсоң мәңгі баз кешіп марапат пен даңқтан,
Санамдағы сәуленің нұрын мұңлы Ай ұрттап...

Сұлық түсіп жатамын сұп-суық бір табытта,
Сол жазулар жүреді көкірегімде қалықтап...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 45
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .