Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Өлкейек) » ZHARAR © 2016 | ғафу қайырбеков Өлкейек өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Өлкейек




  • »

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Өлкейек)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Өлкейек) казакша Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Өлкейек) на казахском языке

Арқаның бір өзені Өлкейектен
Даланың тентек желі көктей өткен.
Тұратын жағасында жалғыз терек
Тайынбас жас батырдай жекпе-жектен.

Жалықпай күткен жандай бір арманды,
Даланы жалғыз шолып келді ол мәңгі.
Алға ұзақ жыл үстінен аса қарап,
Сол терек шақырғандай нулы орманды.

Жаңа өмір кестесіндей жерге салған,
Келеді өсіп сонда бір жас орман.
Іске асты ұзақ жылдар шөгіп жатқан
Тарихтың өзіменен құрдас арман.

Түрдік те тер шығара біз білекті.
Аударып алып тастап құзды шеткі.
Суартып әр толқынға бір ағашты
Далаға сүйреп кеттік Өлкейекті.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 97
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .