Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Туған өзен жағасында тұрды ол) » ZHARAR © 2017 | ғафу қайырбеков Туған өзен жағасында тұрды ол стихи өлең гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері , гафу каирбеков олендери , гафу каирбеков стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Туған өзен жағасында тұрды ол)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Туған өзен жағасында тұрды ол) казакша Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Туған өзен жағасында тұрды ол) на казахском языке

Үстінде бар солдаттың сұр плащы,
Өзіменен бірге кешкен жорық жол.
Кірпігінде жылт-жылт етіп бір тамшы,
Туған өзен жағасында тұрды ол.

Төрт жыл, бәлкім, көп болар ма одан да
Жорықта өткен күнін айға баласа.
Баяғыдай балғын құрақ бауырында,
Сол күйі әлі - туған өзен тамаша.

Салтанатпен сәлем беріп ол тұрды,
Саптағыдай әсем ұстап тұлғасын.
Көз алдында толқын қуып толқынды,
Жаңғырығып соғып жатыр жар астын.

Ақша бұлттан үзіліп бір түскендей
Шүйіледі көктен төмен шағала.
Туған жерде бақытты еді құс нендей,
Кең бесікте ұқсайды ерке балаға!

Көк өзенге тынып, кейде тулаған
Қарайды ұзақ көзін солдат бір алмай.
Жамыраған жас толқынға, жинаған
Сағынышын үлестіріп тұрғандай.

Ой толқиды құбылып, мың бұралып,
Ой толқынын қайталайды толқындар.
Көз алдынан жатыр өтіп, шұбалып
Қаһармандар, ер жолдастар, сол жылдар.

Қасиеттеп, ойда әлдилеп өткенін,
Келер күнге құшақ ашып тұр солдат.
Туған жердің қарсы ап жарқын көктемін,
Жаны күліп, көкірегінен нұр саулап...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 708
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .