Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Мемлекетім менің) » ZHARAR © 2016 | ғафу қайырбеков Мемлекетім менің өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, Мемлекетім менің, менің мемлекетім туралы өлең




  • »

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Мемлекетім менің)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Мемлекетім менің) казакша Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Мемлекетім менің) на казахском языке

Мұз құрсанған, ақ көрпеге оранған,
Қиын-қыстау, сары аяздан бораннан,
Қорықпастан туған менің - бөбегім-
Мемлекетім - азаттығым оралған.
Сені әлдилеп келем мен
Аузымдағы таусылмайтын өлеңмен.
Кеудемдегі жүрегім мен қаныммен,
Қан арқылы қайрат жиған денеммен.
Сені бағып, саған деген алаңмен
Күн кешемін, бар ынтамды салам мен
Қайтсе сенің қатаяр деп буының.
Қайтсем жәрдем етемін деп саған мен.
Босата алман бұл әкелік сезімнен
Пайда болған сенің туған кезіңнен.
Дәл осылай бір дем алса өзіңмен.
Арман, арман-арман едің сен де бір
Мемлекетім - қазағымдай ер көңіл.
Сен жасайсың бақыты үшін ұлтымның,
Көтересің, көтергендей жерде гүл!
Сенем саған, сенгенімдей Құдайға,
Сенгенімдей көгімдегі Күн, Айға,
Сенгенімдей барлығыма тірлікте,
Сенген адам сенен ақы сұрай ма?
Сен өзімсің, келген жоқсың шет елден
Еңбегімсің сан бейнетпен өтелген.
Ескі арманнан жаңа туған сәбисің,
Сені әлдилеп, сені аруақтап өткен мен,
Сенің жасыл жалауыңның астында.
Келер ұлдар елге болар бас тұлға.
Туар талай нағыз қазақ нарлары
Қарсы барар дауыл, сел мен тасқынға!
Келе жатыр, келе жатыр жаңа ұрпақ,
Тек солардың бақытын күт, бабын тап.
Баяғыдай сарбаздарың самсасын,
Дүние саған қарасын бір таңырқап!

Қазан, 1994 жыл


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 137
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .