Туған жерім

 Туған жерім

Өмірге келдім, сені көрдім, туған жер,
Ең алғаш рет кіндік қаным тамған жер.
Өтті сенде қуанышты әр күнім,
Топырағыңда асыр салып, шалқыдым.

Ыстық маған жусаның да, жерің де,
Тең келер саған жоқ қой ауыл елім де.
Ыстық маған жерде жатқан әр тасың,
Туған жерім менің панам болғасын.

Туған жерім шер тарқасар сырласым,
Туған жерім қайғымды айтар мұңдасым.
Керек кезде тасымен де сөйлесер,
Туған жерім менің мәңгі жолдасым.

Қызық маған сенде өткен бар күнім,
Айта берсең көп қой оның барлығын.
Шегіне жетпес жер секілді боласың,
Сездірмейсің туған жердің тарлығын.

Дегенімен, 8000-дай халықты,
Құшағыңа сыйдырып-ақ кетесің.
Керек болса, ең ең деген алыпты,
Туған жерім сәбиіңдей етесің.

Сенде ана, ал біз сенің перзентің,
Сенің, міне, топырағыңда бой жеттім.
Сондықтан да әр жеріңе гүл егіп,
Қоқыстардан тазалау ол-міндетім.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі