Біз қазақтың намысымыз ертеңгі


Біз қазақтың намысымыз ертеңгі,

Көркейтетін, құлпыртатын өлкені.

Тауым, тасым, топырағым тарихым.

Таба алмаспын сендей сұлу өлкені.

 

Туған жерім қымбат маған әр тасың,

Туған жердің жәйін ұлың қозғасын.

Қанат қағып, кеттім ұшып шалғайға,

Қасиетті қара шаңырақ тозбасын.

 

Туған жерде, қалды құрдас достарым,

Естідім мен талай кәсіп ашқанын.

Ауылымының көркейгені қуаныш,

Керек емес туған жерден басқаның.

 

Деп кейде біз бөлектеніп жатамыз,

«Ауыз бірлік» болсын деуші еді атамыз.

Туған жерім,туған елге айналар!

Шыққан бізден, талай тұлға аты-аңыз.

 

Осы өлкеде ойнап өскем қыратта,

Оған куә кәусар мөлдір бұлақта.

Әлиханның туған жері менің де,

Талай қыран самғап ұшқан бірақта.

 

Туған жердің салқын самал желдері,

Жүрегімді нұрға бөлеп тербеді.

Сенен шықты күйші, әнші жезтаңдай,

Туған өлке бесігіңді тербеді.

 

Туған жерім, асқақ арман шыңдарым,

Сенен ұшып арманымды шыңдадым,

Табиғаттан берген күш таусылмас,

Қасиетті қазынам- бойтұмарым.

 

***

Уа! туған жер! Мен сені сағынамын,

Уақыттың өлшеміне бағынамын.

Қадірлеймін топырақтың қиыршығын,

Мен тәрізді туған жерді сағынар кім?

 

Сондықтан да туған жерге мың тағзым,

Сағынышты, жалыны күшті жыр жаздым.

Туған жер мен туған елім ол егіз,

Туған жерге, туған жерге мың тағзым!

 

Туған жерден бастау алған Отан да,

Қызмет қылу туған жер мен Отанға

Біздің міндет, қорғап оны аялау,

Адал болу туған жермен Отанға.

 

Шақырамын айналамды жар салып,

Келді өсіп бізде жастар қанша үміт.

Туған сөздің, турасын да түсінсе,

Туғанындай қарайдығой жан салып.


 Айдос Жанатұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу