Жылыой деп жүрек жырлайды!

жылыой ауданы

Кең Жылыойым, туған жерім, мекенім!

Әнге қосып, сені жырлап өтейін.

90 жылдық мерейлі сенің тойыңа,

Жүрегімнен жырымды арнап кетейін.

 

Туған жерім ыстық әркез өзіме,

Жүрегімнен жыр туған, арналады өзіңе.

Жылыойым менің , әсем жырдың  мекені!

Керемет дүние көресің, қарайсың-ау үзіле!

 

Аралтөбе жанында, тарихы терең

Алтын адам еткізді, жұртты елең

Тарихым , бай дүниемен астарласа,

Жылыой аты танылған осы бір кезең.

 

Алтын адам байлығы баға жетпес,

Жадында жас ұрпақтың естен кетпес

Бұл тарихтар мәңгілік сақталады,

Жерінде қазағымның ғұмыры өшпес

 

Тағы да танытқан жерімізді,

Қара алтын паш етті елімізді.

Бұлақтай ағып жатқан мұнайымыз,

Сол бір сәт таңқалдырды өзімізді!

 

Ірі кеннің орындары ашылған,

Қарашүңгіл,Құлсарыменен Қаратон,

Теңізбенен Ақінген деп аталған.

Мұнайлы мекен атыменен танылған.

 

Аты шыққан мұнайымен Жылыойым!

Берекелі, байлық берген Жылыойым!

Қонақжайлы, жаны жайсаң халқы бар,

Даласы дархан , киелі менің Жылыойым!

 

Жылыойым кіндік қаным тамған жерім,

Өзіме ыстық кең далам, туған жерім.

Қымбат маған әр тасы, топырағы,

Қамыскөлім, Құрсайым, Жем өзенім!

 

Сәулетті ғимараттар бой көтерген!

Бұл күнде гүлденіп тұр менің өлкем.

Жарқыраған шамдары, көшелері,

Көз тартқан ажарымен ғажап, көркем!

 

Гүлдене берші, жайнай берші, нұрлана!

Жас теректей өсе берші бүр жара,

Өзіңе арнап жазған мынау жырымды,

«Жыр шашу»- деп, қабыл алшы гүл қала!

                                                                 Авторы:Қадіржан Алдахов

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу