Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Осы күнгі күй)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Осы күнгі күй) казакша Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Осы күнгі күй) на казахском языке

Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз.
Көрінбес көзге түртсе қараңғыда,
Япырм-ай, қалдық па енді тіпті таңсыз?!
Тақаулы тамағында өткір пышақ,
Тек жатыр тұяқ серіппей сонда да аңсыз.
Тыңдамас, сөзге түспес, ырыққа көнбес,
Болды ма қайран қазақ тастай жансыз?
Жер кетті, жаның кетті, қам жемедің,
Құл болдың қара табан енді малсыз.
Ортаға қамап алып қырып жатыр
Қара жүрек «надандық» қолмен сансыз.
Қазағым, арыстаным, қайратты ерім,
Тұрдың ба қару қылмай, құр амалсыз?
Өзіңдей адамзаттар не ғып жатыр,
Бос жүрсің баспанасыз, үйген тамсыз,
Сандалдың: алдың - боран, артың - тұман,
Түк көрмей сәуле берер шырақ-шамсыз.
Білімсіз ит надандық жеңгені ме?
Буының қалтырайды болып әлсіз.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мағжан жұмабаев Осы күнгі күй өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Осы күнгі күй, мағжан жұмабаев Осы күнгі күй өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, ма, Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Осы күнгі күй), Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Осы күнгі күй) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке