Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жолдасқа)

Әй, әй, жолдас, жас жігіт
Қиқу салған, лепірген,
Кетті ме әлде жын соғып,
Аузын, мұнша көпірген!
Дүниенің діңгегі
Қарын дейсің жалғыз-ақ.
Күнді көрмей көктегі,
Болма, жаным, жапалақ.
«Идеал да жоқ, Тәңір де...»
Енді не бар? Доңыз ба?
Адамсың ғой сен енді,
Ұқсама шын доңызға!
Мейлің, мейлің, доңыз бол,
Жүр қорсылдап қорада.
Сасық соқыр қоңыз бол,
Жаныма бірақ жолама.
Мен киелі Алашпын,
Іргемді, сасық, ластама.
Ойнама, жолдас, менімен,
Бар бұзыққа, басқаға.
Кіршіксіз ақ ордамын,
Сала алмассың бір тап та.
Бұзылмаған қордамын,
Бөле алмассың тап-тапқа.
Тапсыз, бүтін бір елмін,
Тәңіріге жалғыз ұсармын.
Көбікті күміс бір селмін,
Сасықты сендей басармын.
Құдықтан ішіп, жас жігіт,
Оған, сірә, түкірме.
Кетер сені сел соғып,
Басыл, жаным, көпірме.
Қиқу салған, лепірген,
Кетті ме әлде жын соғып,
Аузын, мұнша көпірген!
Дүниенің діңгегі
Қарын дейсің жалғыз-ақ.
Күнді көрмей көктегі,
Болма, жаным, жапалақ.
«Идеал да жоқ, Тәңір де...»
Енді не бар? Доңыз ба?
Адамсың ғой сен енді,
Ұқсама шын доңызға!
Мейлің, мейлің, доңыз бол,
Жүр қорсылдап қорада.
Сасық соқыр қоңыз бол,
Жаныма бірақ жолама.
Мен киелі Алашпын,
Іргемді, сасық, ластама.
Ойнама, жолдас, менімен,
Бар бұзыққа, басқаға.
Кіршіксіз ақ ордамын,
Сала алмассың бір тап та.
Бұзылмаған қордамын,
Бөле алмассың тап-тапқа.
Тапсыз, бүтін бір елмін,
Тәңіріге жалғыз ұсармын.
Көбікті күміс бір селмін,
Сасықты сендей басармын.
Құдықтан ішіп, жас жігіт,
Оған, сірә, түкірме.
Кетер сені сел соғып,
Басыл, жаным, көпірме.
Автор: ZHARAR | 1 291 |
Загрузка...
Рекомендуем:

Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан жүрегім жаным жеп)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мағжан Жұмабаев (Дәрігер)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мағжан Жұмабаев (Өлең)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мағжан Жұмабаев (Сағат)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Нені аңсаймын)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көрмеймін...)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Сәулең болса кеудеңде)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Бұқарға)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қымыз)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Айрылдым сенен, жан сәулем)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Өлең)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Түн еді)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Тірі бол)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жылқышының үйінде)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жауынгердің жыры)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қымыз)