Қазақша өлең: Ерлан Сәдуақасұлы (Адаспайық!) » ZHARAR © 2016 | Ерлан Сәдуақасұлы Адаспайық өлең олен Ерлан Садуакасулы стихи на казахском, Ерлан Сәдуақасұлы өлеңдері, стихи на казахском языке , Ерлан Садуакасулы казакша олендер




  • »

Қазақша өлең: Ерлан Сәдуақасұлы (Адаспайық!)

Қазақша өлең: Ерлан Сәдуақасұлы (Адаспайық!) казакша Қазақша өлең: Ерлан Сәдуақасұлы (Адаспайық!) на казахском языке

Ақыл, сана болмаса егер, адамда.
Пенде айналар, иманы жоқ наданға.
Пайдасы аз, мұндай ардан безгендер,
Келтіреді зиянын көп қоғамға.
Бұл күні жүр зар еңіреп көп халық.
Бейкүнә адам кетіп жатыр сотталып.
Әділ үкім ете алмаған шенеунік,
Хақ алдында қалай шығар ақталып.
Асылдарын құрметтейтін өлгенде,
Арсыздарын қадірлейтін көргенде.
Шүкір етпей кеуде керіп мақтанар,
Жаратқан Хақ абырой бақ бергенде.
Ақиқат деп Алла жолын таңдадық.
Амалменен бұған лайық болмадық.
Құлшылықты күні ертең қылам деп,
Өзгені емес өзімізді алдадық.
Бірлік кетті, сақтай алмай теңдікті.
Бақталастық болам деумен Ең мықты.
Дүниенің құлы болған солардың,
Талайларын ажал құшып, жер жұтты.
Ақыретке қандай сауап жинады,
Өлді, кетті, құтқарды ма жиғаны?
Жиған байлық абыройдан не пайда,
Болмаған соң жүрегінде иманы.
Сақталмаса санамызда тектілік.
Құлшылыққа болмас икем, ептілік.
Маңдайымыз сәждеге бір тиді ме,
Мұсылман боп бұл өмірге кеп тұрып.
Бүгінді емес, ертеңді де ойлаңыз.
Құлшылыққа зейін қойып, бойлаңыз.
Өзгелерге ақыл айтып қайтеміз,
Өзімізге тимесе егер пайдамыз?
Қартайғанын кейде адамдар байқамас.
Иманы жоқ бұған басын шайқамас.
Ата анаңды қадірлей біл құрметтеп,
Туысыңа құшағыңды айқара аш.
Таусылғанда дүниедегі жарығың.
Босқа өткен сәттердің де бәрі, мұң.
Ақиқатты көре алмасаң жүрекпен,
Тас түнекке айналар рас қабірің.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 170
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .