Қазақша өлең: Ерлан Сәдуақасұлы (Мен іздеймін, тек сені) » ZHARAR © 2016 | Ерлан Сәдуақасұлы Мен іздеймін тек сені өлең олен Ерлан Садуакасулы стихи на казахском, Ерлан Сәдуақасұлы өлеңдері, стихи на казахском языке , Ерлан Садуакасулы казакша олендер




  • »

Қазақша өлең: Ерлан Сәдуақасұлы (Мен іздеймін, тек сені)

Қазақша өлең: Ерлан Сәдуақасұлы (Мен іздеймін, тек сені) казакша Қазақша өлең: Ерлан Сәдуақасұлы (Мен іздеймін, тек сені) на казахском языке

Сені іздеймін сезімнің тақтарынан.
Сені іздеймін махаббат хаттарынан.
Арманымның аңсары саған ауса,
Сырымды айтып тек саған, ақтарылам.
Сені іздеймін бақыттың бақтарынан.
Тапсам сені болар ем бақ дарыған.
Көңілімнің жұбанышы болсын деумен,
Жүрегімнің төріне сақтадым ән.
Сені іздеймін көктен жауған ак ұлпадан.
Шексіз бақыт сыйлағандай Тәңір маған.
Бір көргенде маңайыңнан ақ нұр табам,
Қысылып ем жасағанда батыл қадам.
Сені іздеймін көздерімнің қарасынан.
Сені іздеймін ақша бұлттың арасынан.
Аспан көктен төгілші Нұрым болып,
Күтіп алам бақытымның даласынан.
Сені тапсам мұң кеші бәлкім батар,
Кетпе менің жанымнан көп күткенім.
Үміт – сезім тамшысы толқындатар,
Баса алмасам сағыныш өксіктерін.

***

Білесің бе?
Кетерсің-ау азғана өмір сүресің де.
Дүние үшін қуатты күш – жігерің,
Қу нәпсіңмен қауқарсыз күресуге.
Ақыр заман!
Боларын Құран Кәрім мақұлдаған.
Ақыреттік істерден аянбайды,
Кеудесінде иманы бар ақылды адам.
Күнәдан қаш!
Азаннан басқа әуенге құлақ қанбас.
Санамыз Алла барын ескермесе,
Қабірде Ғажап Нұрлы шырақ жанбас.
Бақида шын!
Көрерсің Ұлы Хақтың ақидасын.
Нәпсінің тұзағынан шығу мұңлы,
Торласа жанарыңның сақинасын.
Батылдығың!
Шынайы Жаратқанға жақындығың.
Иманменен тоғысады қас-қағымда,
Жүретін сара жолы ақылдының.
Шын ұғайық!
Мұсылманға тек ар-иман, білім лайық.
Әз Мұстафа Пайғамбар үмметіміз,
Тура жолдан адасып, жығылмайық.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 953
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .