Сенбеймін

 Сенбеймін

Ия сенбеймін кейде сенбеймін,
Сенбегесін сені тағы тергеймін.
Кеше ғана қол ұстасып жүріп,
Бүгін сені түстерімнен іздеймін.

Ия жалғызсырап өзіңсіз көнбеймін,
Сені іздеп мына сағынышқа шөлдеймін.
Алып ұшып сағынысып жүрсеңде,
Өкінішті мен енді жаныңа келмеймін.

Іздеме мені енді аққу құс ұшқанынан,
Мұз болып жібімес жүрек тоңғанынан.
Сен келіп емдемеген соң жан жараны,
Ем іздермін әр көктемнің жаңбырынан.

Саған деген сезім биік арманымнан,
Тамшы үзсемде кештері жанарымнан.
Кеш құрын сағыныштан салып ән,
Мен жүрем бейнеңе қарап сағындырған

Серік Қозыбаев

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!