Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ұлы елім) » ZHARAR © 2016 | Туған ел, туған ел туралы өлеңдер, туған ел туралы өлең шумақтары, туған ел туралы өлен, туган ел олен, туган ел туралы олен, туган ел туралы олен жолдары, Туған ел отан туралы өлеңдер, туган ел отан туралы олендер, туган ел туралы өлеңдер




  • »

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ұлы елім)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ұлы елім) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ұлы елім) на казахском языке

Аллаһ бізді жаратқан құлы етіп,
пенделердің тәубешіл бірі етіп.
Көрші ақысын жемейтін ұлт болғаннан,
көрген емес ешкімге құны кетіп.
Көне дала төсінде кең көсілген
қазағымды қойды ғой Ұлы етіп.

Қазыбек пен Әйтеке биі кеткен,
Төлесі жоқ бұқара күйі кеткен.
Бабаларым ап берген кең-байтаққа
қазағым қам-қаперсіз сыйып өткен.
Қызғаныштың қоқысын жиған жұрттың
бір-бірінен қадірі, сыйы кеткен.

Бір сүйсінтіп,
бір ісің налытатын,
найзағайға намысым жанытатын.
Бір ауыз сөз айтқанда байытатын,
бір ауыз сөз қосасың арытатын.
Ақ пен қара айқасы түгесілмес,
қанға сінген мінез бар танытатын.

Атыңа да затың сай көрікті елім,
дәл өзіңдей басқаға көніп пе едім?!
Көтеруге барғанда мәртебеңді
тартып алған таспаны Серік серің.
Қасқыр иттер таласып жатқанында,
үркіп қашқан төскейден еліктерің.

Қызығыңа, баттым да шыжығыңа,
көндім тағдыр тезіне – құрығына.
Сан жолықтым бойнаның әйлезіне,
өткен күннің жоқ өкпем қыжылына.
Ала алмаған есемді еселенген,
бердім әділ Уақыттың құзырына.

Құлшылығын Аллаға қаза қылған
ада болар бары мен базарынан.
Болашағын ойлаған болжай білер
іргесінде жатқанның назарынан.
Елдігі мен ерлігін ұлықтаумен,
нұр кетпесін ұлы елім ажарынан!



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 144
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, ерлан ахмет Ұлы елім өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Ұлы елім, Туған ел, туған ел туралы өлеңдер, туған ел туралы өлең шумақтары, туған ел туралы өлен, туган ел олен, туган ел туралы олен, туган ел туралы олен жолдары, Туған ел отан туралы өлеңдер, туган ел отан туралы олендер, туган ел туралы өлеңдер, Туған ел, туған ел туралы өлеңдер, туған ел туралы өлең шумақтары, туған ел туралы өлен, туган ел олен, туган ел туралы олен, туган ел туралы олен жолдары, Туған ел отан туралы өлеңдер, туган ел отан туралы олендер, туган ел туралы өлеңдер, Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Ұлы елім) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .