Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сабындыкөл)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сабындыкөл) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сабындыкөл) на казахском языке

Жағаңа кеп сырласам, Сабындыкөл,
бостан жүрек ағытқан сарынды көр!
Барымды көр, айнаңнан жасыра алман,
Арымды көр!

Сабындыкөл, сарғаяр ғұмыр-дастан,
сенім семіп қалған ба тұғырластан?
Көгендеулі күндікке жұмыр бастан
тыным қашқан.

Сабындыкөл, мен бүгін тасымаймын,
көңілде жоқ сендегі жасыл айдын.
Беу Жаратқан, қуатын берші маған
Жасыбайдың?!

Ақ қаптал қып барады бәсеке күн,
сабыр қайда?
Сездіргейсің рас екенің,
Раббым Аллаһ, дарытшы тақуалығын
Мәшекеңнің?!

Қам-қаперсіз құлындай құлдырағам,
жанарымнан жамырап нұр құлаған.
Шақырады үкі елес жел өтінде
бұлдыраған.

Сабындыкөл, сары ала күз де келді,
манагөнек күндерде із көнерді.
Жаралғанмын табуға бұл жалғаннан
іздегенді.

Суық тамшы бұтақтан сүмектейді,
уысында Уақыт түнетпейді.
Атар таңнан дәм еткен Үміт қана
жүдетпейді.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, ерлан ахмет Сабындыкөл өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Сабындыкөл, ерлан ахмет Сабындыкөл өлең стихи на казахском казакша олен ерлан ахмет өлеңдері ерлан ахмет стихи на казахском языке ерлан ахмет олендери казакша Сабындыкөл, Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сабындыкөл) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке