Қазақша өлең: Кездесу » ZHARAR © 2016 | кездесу, кездесу туралы өлеңдер, кездесу туралы олендер, алғашқы кездесу туралы өлеңдер, стихи на казахском языке встреча




  • »

Қазақша өлең: Кездесу

Қазақша өлең: Кездесу казакша Қазақша өлең: Кездесу на казахском языке

Қуаныш оты көзінде,
Білінгендей сол бізге бір.
Махаббат атты сезімге,
Бөленді бүгін қыз-көңіл.

Алаулы отқа ұқсап па,
Қыз сыры солай білінбек.
Махаббат атты құшақта,
Бойжеткен тұрды күлімдеп.

Қол созып арман-үмітке,
Сезгендей болып сан қырын.
Өзі бір сенген жігітке,
Тапсырды ару тағдырын.

Қалмаса орын күдікке,
Перзенттік парыз өтелмек.
Қуанды бұған жігіт те,
Сені үйге келін етем деп.

Жұлдызға тұнды тағы аспан,
Әрленіп барқыт түнменен.
Жұптарға мына жарасқан,
Күлімдеп тұрды күллі әлем.



Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 589
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .