Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Мен келдім...)

Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Мен келдім...) казакша Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Мен келдім...) на казахском языке

Мен келдім тағы да алдыңа,
Көктем боп күлімдеп дидарым.
Сен мені сағынып қалдың ба?
Ұмытып қалдың ба?! Беймәлім…

Мінекей, Сен тұрсың алдымда,
Көктем боп күлімдеп дидарың.
Қып-қызыл жүректі ал, мына!
Қып-қызыл раушан ғып сыйладым!

Мен Сенен кеткелі… қаншама
Күнтізбе парағы жыртылды?
Келдім ғой… қанатым талса да,
Еске алып бал шақты былтырғы!

Қанша ай көрмедің? Ал, сана!
Қанша ай көзіңде мұң тұрды?
Кәнекей, қуаншы ән сала,
Ұмытып өкпеңді былтырғы!

Мен келдім Сен үшін ақын боп,
Өлеңмен жолыңа гүл себер!
Махаббат, сенде алар ақым көп,
Әй, бірақ, мұныма кім сенер?!

Жан қалқа, сезімді жақ үрлеп,
Лаулауға, маздауға мұрша бер!
Ернімнен сүйіп көр жақын кеп,
Көздерің сене алмай тұрса егер!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мерген тоқсанбай Мен келдім өлең стихи на казахском мерген токсанбай казакша олен, мерген тоқсанбай өлеңдері, стихи на казахском мерген токсанбай, мерген токсанбай олендери, Мен келдім, мерген тоқсанбай Мен келдім өлең стихи на казахском мерген токсанбай казакша олен, мерген тоқсанбай өлеңдері, стихи на казахском мерген токсанбай, мерген токсанбай олендери, Мен келдім, Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Мен келдім...), Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Мен келдім...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке