» » » Өлең: Сәкен Сейфуллин (Нұра)

Өлең: Сәкен Сейфуллин (Нұра)

Өлең: Сәкен Сейфуллин (Нұра) казакша Өлең: Сәкен Сейфуллин (Нұра) на казахском языке
Сағынып, Нұра, мен келдім,
Бұрынғы иең — байғұстың.
Айрылған сенен көп елдің
Жатырсың көрмей қайғысын.
Мекен болдың бір уақыт
Көшіп жүрген қазаққа.
Айырылып сенен бей бақыт
Сорлылар қалды мазаққа...
Сырыңды айтшы сен маған,
Атамыздың жайлауы!
Мың-мыңнан жылқы жасаған
Биелердің байлауы.
Айтпасаң да білем мен
Ішіңдегі сырыңды.
Қайғыдасың бүгін сен,
Айтпайсың бірақ шыныңды.
Хош, Нұра, тағы көргенше
Есендік берсін бір құдай.
Енді қайтып келгенше,
Ескі иең, жүрер құр жылай.
Бұрынғыдан қайғылы
Құстарың да сайрайды:
Қолдан келер еш не жоқ,
Жүрек от боп қайнайды.

Автор: ZHARAR | 140 |



Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, сәкен saken сакен сейфуллин Нұра өлең олен казакша, сәкен saken сакен сейфуллин нура өлең олен казакша, сәкен сейфуллин өлеңдері, сәкен saken сакен сейфуллин Нұра өлең олен казакша сәкен saken сакен сейфуллин нура өлең олен казакша сәкен сейфуллин өлеңдері, Өлең: Сәкен Сейфуллин (Нұра) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке