Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Хат жазбашы)

Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Хат жазбашы) казакша Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Хат жазбашы) на казахском языке

Сендегі ең іңкәр сезіммен,
Хаттарың сүйеді көзімнен.

Хат жазып шығасың түнімен,
Сағынып жүрсің бе шынымен?

Шынымен кездескің келе ме?
Ұмыта салмайсың о, неге?

Біз деген қос көздің жасымыз,
Әйтеуір қосылмас басымыз...

Құдай үшін,
Сен маған хат жаза бермеші,
Сезімді өлтірші, жерлеші!

Сен мені шақырма, бармаймын!
Мен сені шақырсам – келмеші!

Сен мені сағынба, аңсама!
Қарашы, мендейлер қаншама!

Ұмыта салуға бекігем,
Сен дағы ұмытшы, өтінем!

Күнәлі болмайық Құдайға,
Осыған жүрегің шыдай ма?!

Хат жазба! Неге деп сұрама!
Қош енді, жылама! Жылама...




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мерген тоқсанбай Хат жазбашы өлең стихи на казахском мерген токсанбай казакша олен, мерген тоқсанбай өлеңдері, стихи на казахском мерген токсанбай, мерген токсанбай олендери, Хат жазбашы, мерген тоқсанбай Хат жазбашы өлең стихи на казахском мерген токсанбай казакша олен, мерген тоқсанбай өлеңдері, стихи на казахском мерген токсанбай, мерген токсанбай олендери, Хат жазбашы, Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Хат жазбашы), Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Хат жазбашы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке