Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Күн)

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Күн) казакша Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Күн) на казахском языке

1. Сәулең – реңімде,
Нұрға толы – уысым.
Келдім бұл өмірге
Сені көру үшін.

Көптің бірі дерсің,
Келдім күю үшін.
Келдім, ұлы көршім,
Сені сүю үшін!

Келдім жайлануға -
Ұзақ күткеніме.
Мәңгі байлануға
Қызыл жіптеріңе.

Келдім үміт тағып,
Алтын кейіпкерге.
Ал, түн құлыпталып,
Қалсын сейфтерде...

2. Белгілі сенен безбесім,
Белгісіз кейде жоқ-барым.
Жердегі мұңды көздесін
Самсаған сәуле-оқтарың.

Мейірім ғана озардай
Өмірде мынау кіл жарыс.
Жүзіңнен сенің көз алмай,
Қараған мен бір – күнбағыс...

Алысқа жетер бір үнмін,
Алаула жүрек төрінде –
Адалдық жайлы жырымның
Ең ғажап деген жерінде!

Жетесің жалғыз бәріне,
Аман бол бақыт – от демі.
Махаббат жайлы әніме
Қайырма болып көктегі...



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, гүлнар салықбай КҮН кун өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском, гүлнар салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай шығармашылығы, гульнар салыкбай гульнар салыкбаева стихи на казахском, гүлнар салықбай КҮН кун өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском, гүлнар салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай шығармашылығы, гульнар салыкбай гульнар салыкбаева стихи на казахском, Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Күн), Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Күн) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке