Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Жүрек маусымдары) » ZHARAR © 2017 | ерлан жүніс Жүрек маусымдары өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Жүрек маусымдары




  • »

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Жүрек маусымдары)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Жүрек маусымдары) казакша Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Жүрек маусымдары) на казахском языке

Өткенде...
Өткенде...
өмірді бастарда,
көктеуге ынтыққан өмірмен,
көктемге ынтыққан көңілмен,
тап келдім,
тап келдім сенің мен,
әлемің,
аспаның,
жаныңа,
көп келдім көктемгі бағыңа,
бұйығы, балауса шағыңда,
шашыңа көк гүлдер тағына,
сен жүрдің,
сен жүрдің ішінде ен гүлдің,
«Махаббат бар ма?» деп мен жүрдім,
сендіргің келетін,
күн өпкен жүзіңнен мен өпкім,
жаныңды жанымның төрі еткім,
тәніңді тәнімнің төрі еткім
келетін,
о, бәлкім, сен білдің,
мен сонда білмеген екенмін,
ертерек бүрлеген екенмін,
бір баққа бөлене бермесін,
бір бақта гүлдеген екеудің,
өткенде...
өмірді бастарда...
2.Дәл қазір...
Дәл қазір... тек басқа қалада,
Сен жайлы ойланды бір адам,
қалаға,
жымиған, жылаған,
дәл қазір арылған күнәдан,
дәл қазір күнәға бататын,
қарады ол:
сен жайлы ойланды,
терезе алдына байланды,
есіне түсірді жайдарлы,
кезіңді,
кезіңді жабыққан,
оның шын сүйерін жаңа ұққан
кезіңді,
кезіңді
сүйікті болудан жалыққан,
сүюге ұмтылған өзгені,
өзгеге арналған сөздерің,
өзгеге қараған көздерің,
мұңайтып тұрғанын сезбедің,
дәл қазір... тек басқа қалада,
сен жайлы ойланған адамды,
өзіңе айналған адамды,
өзіңе байланған жанарды...
Дәл қазір... тек басқа қалада...
3. Күні ертең...
Күні ертең... көк пен жер есенде,
Алқоңыр күздер
Мен
Көгілдір көктемдер есенде,
Сол сәтке адаспай жеткендер
Есенде,
бір ақын,
Сен жайлы жыр оқып тұратын,
Ел жайлы жыр оқып тұратын,
Жер жайлы жыр оқып тұратын,
Есіңе түскенде,
дәуірлер, замандар көшерде,
қалалар, адамдар көшерде,
О, бәлкім дәл сенің көшеңде,
О, бәлкім орталық алаңда,
Арманшыл, адасқақ сол жанға
Далалар, өзендер, ормандар,
Жолдар да, таулар да, қорғандар,
Уақыттар, халықтар, белдеулер,
Гүлзарлар, нөсерлер, желдер де,
Құлдыраулар менен өрлеулер,
Ең ұлы сезімге сенгендер,
Ескерткіш қойғанда,
Ғарышпен тыныстап жүректер,
Атқақтап, тыныш қап жүректер,
Саған кеп ұсынса, таң қалма,
Қолына гүл ұстап жүректер,
Күні ертең... көк пен жер есенде...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 117
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .