Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Әр күн сайын құлшынып) » ZHARAR © 2016 | қадыр мырза әли Әр күн сайын құлшынып өлеңі, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы ,




  • »

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Әр күн сайын құлшынып)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Әр күн сайын құлшынып) казакша Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Әр күн сайын құлшынып) на казахском языке

Әр күн сайын құлшынып,
Әр күн сайын түле бір.
Мәңгі күрес - тіршілік,
Мәңгі майдан - бұл өмір.

Не болса да сабыр ет,
Кетер кейде би ағат.
Бірде жеңсе ғаділет,
Бірде жеңер қиянат.

"Мысық-тышқан" ойнайды
Бір қуаныш, бір қайғы.
Жаңа жеңбей қоймайды,
Һәм ескірмей тұрмайды.

Ол ескіні тағы да
Ысырады бір жаңа.
Кір жұқтырып ағыңа
Қара күйе жүр жала.

Айтқанмен сен төрелік
Биігіңде отырып,
Жағаласа береді
Шындық пенен өтірік.

Ойлар мида түстеніп,
Көкіректе түнейді.
Қасқа тісің түскенін
Басқа тісің тілейді.

Тоқушы, не етікші
Түк түсінбей қалады.
Бір аяғың екінші
Аяғыңды шалады.

Бөліскенмен қыр гүлін,
Келіспейді бажасы.
Сүйгендер де бір-бірін
Отырады қажасып!..


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 030
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .