» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Аурудың аты)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Аурудың аты)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Аурудың аты) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Аурудың аты) на казахском языке
Береке кетіріп,
Ауырдым өтірік.
Апам да,
Атам да,
Әкем де,
Көкем де —
Бәрі де қиналды,
Жаныма жиналды.
Ұсынып асымды,
Ұстады басымды.
Халатты дәрігер
Келгелі әбігер.
Кеудемді тыңдайды, Сұраудан тынбайды:
— Ішің бе?
— Ішім де!
— Тісің бе?
— Тісім де!
Ауырды бәрі де,
Ем болар дәрі не?—
Әлде не байқады,
Басын ол шайқады.
Апам да,
Атам да,
Әкем де,
Көкем де
Құлақ сап әр үнге,
Зәре жоқ бәріңде.
— Ауруы қауіпті,
Насырға шауыпты!—
Деп еді дәрігер,
Боп қалдық әбігер.
Апам да,
Атам да,
Әкем де,
Көкем де —
Бәрі де торықты,
Өзім де қорықтым.
Шын ауру шығармын,
Деп ойлап жыладым.
Көп шыдап тұрмадық,
Жамырай сұрадық:
— Ем жоқ па емдейтін,
Ауру бұл не дейтін?—
— Аты оның — еркелік,
Солай деп тіркелік!—
Қуанып сасқанда
Секірдім аспанға.
Апам да,
Атам да,
Әкем де,
Көкем де—
Бәрі де қуанды,
Өзім де қуандым!

Автор: nurgul95 | 195 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Аурудың аты өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Аурудың аты, қадыр мырза али Аурудың аты өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Аурудың аты, Өлең: Қадыр Мырза Али (Аурудың аты) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке