Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ана) » ZHARAR © 2016 | қадыр мырза әли Ана өлеңі, қадыр мырза әли өлеңдері әдеби әлем, кадыр мырза али стихи на казахском, қадыр мырза әлі өлеңдер жинағы, қадыр мырза әли өлеңдер жинағы, Ана




  • »

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ана)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ана) казакша Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Ана) на казахском языке

Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 993
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .