Cәбит Мұқанов (Мәдени майдан)

 Cәбит Мұқанов (Мәдени майдан)

Мүйізді қара жұдырық,
Тоқпақтай боп жұмылып,
Бүлкілдеген бұлшық ет
Денеде бұлт-бұлт жүгіріп
Қайнасқан болат буындар
Бұлтық-бұлтың бүгіліп
Түтін шалған отты көз
Еңбекке төніп үңіліп,
Бір жарықты көруге
Күні кеше ынтық ед.
Сол жарықты көрем деп,
От жүректе қайнап кек,
Қанды майдан ашылып,
Еңбек Ері құрып шеп,
Ойда, қырда от болып,
Жарқылдаған пулемет,
Көбігі ойнап, қан тасып
Топан болған төңерек,
Мүйізді қолда бұл кезде,
Мықты ұстаған мылтық ед.
Қанды майдан басылды,
Қара тұман ашылды,
Еңбек Ері еркін боп,
Ағын судай тасыды,
Мәдени майдан ұраны
Одаққа тегіс шашылды.
Осы ұранға еңбекші
Жұмыла түгел қосылды,
«Бұған біз де даяр!» деп.
Қуаты күшті жұдырық
Токпақтай болып жұмылып,
Түтін шалған отты көз
Қағазға қарап үңіліп,
Мәдени майдан дегенге
Еңбекші енді қойды бет!..

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі