Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Егістегі екпінді маржан) » ZHARAR © 2017 | мәриям хакімжанова Егістегі екпінді маржан өлең стих егимтеги екпинди маржан мариям хакимжанова олен, мәриям хакімжанова өлеңдері, мариям хакимжанова стихи, мәриям хакімжанова олен мариям хакимжанова стих




  • »

Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Егістегі екпінді маржан)

Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Егістегі екпінді маржан) казакша Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Егістегі екпінді маржан) на казахском языке

Біздің Маржан тұяғы болат,
Тұлпар мінді ойнатып.
Белді буып шықты егіске,
Еңбек күшін қайнатып.
Күші кайнап, егісті айдап,
Маржан түсті майданға.
Майдан тулы,
Майдан шулы,
Майдан төрін жайнатып.
Біздің Маржан - біздің Маржан,
Ол еңбектің анасы.
Техникамен,
Ердің - жердің,
Көтерілді санасы.
Біздің Маржан тракторын,
Қыс бойыңда баптаған.
Камын ойлап көктемнің,
Жайбарақат жатпаған.
Дейді көрген: "Міне сабаз,
Көп тілегін ақтаған..."
Біздің Маржан ерте егістің,
Ерте үйренген әдісін.
Ерте айдап,
Елге жайлап,
Бермек енген табысын.
Біздің Маржан сары алтынды,
Шашып жатыр сыбанып.
Қара бұйра, кара балшық,
Түсіп жатыр туралып.
Темір тісті,
Ауыр күшті,
Сансыз тырма майдалап. -
"Биыл егіс, Болаттегіс", -
Дейді Маржан қуанып.
Біздің Маржан жаңа өмірдің,
Жаңа шыққан ұстасы.
Жаңа ұстаның қолында бар.
Жаңа жоба - нұсқасы.
Біздің Маржан трактордың
Тізгінімен алысты.
Сағат сайын.
Минут сайын,
Күшейтеді шабысты.
Кесе тарткан қызыл жаулық,
Шылқып еңбек теріне.
Қайнап кайрат,
Гүддей жайнап,
Берер емес намысты!?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 680
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .